Жаз мезгілі мен күз айларында да көп адамдар аллергиядан зардап шегіп жүргенін аңғаруға болады. Алайда мұндай аурудан айығу да оңайға соқпайды. Дегенмен халықтық емдеу жолдары арқылы аллергиядан құтылуға мүмкіндік бар.
Жаз мезгілі мен күз айларында да көп адамдар аллергиядан зардап шегіп жүргенін аңғаруға болады. Алайда мұндай аурудан айығу да оңайға соқпайды. Дегенмен халықтық емдеу жолдары арқылы аллергиядан құтылуға мүмкіндік бар.
Халыққ еміне сүйеніп айтар болсақ, ара ұясындағы балдың бетін жауып тұратын жұқа қабаты бұл ауруды мүлде жойып жібере алады екен. Ол үшін оны сағыз сияқты шайнап, жеп отыру керек. Сонда аллергияның басылады.
Халық емінде аллергияны емдеуде түрлі дәрілік өсімдіктер қолданылады.
Балдыршөп
Балдыршөп - аллергияны емдеуге таптырмас дәрі бола алады. Жарты литр араққа 10 шай қасық балдыршөпті салып, бір апта қояды. Содан соң емдік ретінде күніне үш реттен, сумен езіп, 15-20 тамшыдан қабылдайды. Алайда балалардағы аллергияны арақпен емес судың өзімен немесе әр тамақ ішкен сайын балдыршөпті қосып берсе нәтиже берері сөзсіз.
Тасдәрі (мумие)
Тасдәрімен аллергиядан айығу үшін оның
жоғары сапалысын таңдап алу қажет. Ол үшін
Бақ-бақ шырыны
Бақ-бақты үзіп алып, тамырын кесіп тастайды. Сөйтіп бақ-бақты тазалап жуып, еттартқыштан өткізеді. Сосын оны матаға салып, шырынын сығып алу қажет. Алынған бақ-бақ шырынын сумен араластырып, кішкене қайнатады. Осылайша дайындалған шырынды таңертең және түскі уақытта тамаққа дейін 20 минут бұрын, 3 қасықтан қабылдауға болады. Әйткенмен бақ-бақ кейбір адамдарға аллергия беруі мүмкін. Сол үшін де бірінші күндері 1 қасықтан қабылдап көру керек. Емделу уақыты - 1,5 ай.
Өсімдіктермен бұлау қабылдау
Шөптерден дайындалған бұлауды қабылдау үшін бірінші тұнба дайындап аламыз. Оған түрлі шөптерден бірдей мөлшерде 10 қасықтан салып шығады. Мысалы, итошаған, сүйелшөп, шайқурай, дәріханалық түймедақ гүлі мен жалбызды және дәрілік шүйгіншөпті аламыз. Осы шөптерден жоғарыда айтқандай етіп тұнба дайындап, оның 5 қасығын бір литр қайнаған суға қосамыз. Тұнбаны 10 минут қайнатып, жарты сағатқа қою қажет. Сосын осы тұнбамен былау қабылдай беруге болады. Мұндай бұлауды 2-3 күн сайын 10 минуттан қабылдайды.
Итошағанмен емделу
Итошағанмен аллергияны емдеу ұзаққа созылады. Бірақ түбінде бұл аурудан айықтырады. Итошағаннан дайындалған тұнбаны тек жаңа дайындалған кезінде шай мен кофенің орнына ішіп отыру қажет. Оны дайындау үшін итошаған шөбін 20 минут демдеп қояды. Сол кезде демделген шайдың түсі сарғыш тартуы керек. Емделу уақыты - бір жыл.
Иттікен
Аллергияны иттікенмен қайтару үшін бақ-бақ пен иттікен тамырын алып, екеуін де езеді. Сөйтіп 3 стақан суға 2 ас қасық шөптердің қоспасын араластырады. Бұлайша дайындалған тұнбаны бір түнге қалдыру керек. Ал, таңертең тұнбаны 10 минуттай қайнатып, суытыңыз. Сосын жарты стақаннан тамаққа дейін күніне 4-5 рет ішуге болады.
Анықтама
Забрус - ара ұясындағы балдың бетін жауып тұратын
жұқа қабаты