​АНГИНАДАН дәрісіз АЙЫҒУҒА болады

0
18 876

Бұл емдеу әдістері кішкентай балаларға арналған.


​АНГИНАДАН дәрісіз АЙЫҒУҒА болады

иллюстрациялық фото: qoctor.com.au

Бүгінде екінің бірінің мектеп оқушысы не балабақшаға баратын балапаны ангинамен ауырып үйде жатыр. Баланың тәбеті жойылып, тамағының ауыратынын айтып шағымданады. Жұтынса ауырлықты сезетін олар судан да бас тартады. Сұйықтықтың күшімен өлетін инфекция тап осы кезде «құтырады», салдарынан ауру асқынады. Қызуы көтеріліп, бойын әлсіздік билейді.

Мұнан шығатын жол бар. Ол үшін баланы үйде қалдырып, төсекке жатқызамыз. Сонан соң біз ұсынған әдістерді қолданып, өз бетіңізше ем жасауға кірісіңіз. Сонымен сізге сәттілік, балапаныңызға саулық тілейміз.


  • Қызылша шырыны

Қызылша үйде табылмаса, базарда сан алуаны бар. Көкөністің 1 данасын алып, үккіштен өткізесіз. Езбені жақсылап, сығып, шырынын алыңыз. Оны эмаль ыдысқа құйып, аздап қыздырып алу керек. Кейіннен балапаныңыздың тамағын шаясыз. Егер бала 3 жастан асқан болса, оны өзі-ақ ептейді. Ал кішкентайлардың тамағын шаю үшін қолданылмаған инесіз шприцті пайдаланамыз. Қызылша шырынын шприцпен тартып алып, балапаныңыздың тамағына шашасыз. Бұл ең тиімді әрі зиянсыз ем.


  • Таңқурай тосабы немесе жөке гүлі

фото: yandex.kz

1 стақан қантсыз жылымық шайға 1 ас қасық таңқурай тосабын араластырыңыз. Осы шайды күніне үзбей үш күн ішкізсеңіз, аурудың беті қайтып, балапаныңыздың тәбеті ашылады.

Ал жөке гүлінен шай дайындау үшін: 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық ұнтақталған жөке гүлін араластырыңыз. Шамамен 2 сағаттай тұндырып қою керек. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, кішкентайыңызға ішкізіңіз.

Бұл емді қызуы көтерілген балаға қолдануға болмайтынын қатаң түрде ескеріңіз.


  • Мүкжидек шырыны

1 стақан жылы суға 100 мл мүкжидек шырыны мен 1 шай қасық таза табиғи балды араластырасыз. Дайын болған сұйықтықпен науқастың тамағын шайдырыңыз.


  • Пияздың қабығы

0,5 литр суға 2 бас пияздың қабығын салып, отқа қоясыз. Шамамен 3-4 сағаттай қайнау керек. Осы уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде тамағын шаясыз.

Бұл әдісті үлкендерге де қолдануға болады.


  • Алоэ шырыны

Бірдей көлемде алоэ шырыны мен балды араластырасыз. Дайын болған қоспаны кішкентайдың бадамша бездеріне жағып, массаж жасайсыз.

фото: etozheludok.ru

  • Спирт пен бал

Шағын бір ыдысқа 1 ас қасық бал мен 1 шай қасық спиртті құйып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны күніне 3 рет 1 шай қасықтан ішкізесіз. Бұл қоспа қақырықты сұйылтып, сыртқа шығуына ықпал етеді. Жөтелді тоқтатады, жұтқыншақты емдейді.


  • Анар қабығы

1 дана анардың қабығын ыдысқа салыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алыңыз. Емдік қасиеті мол сұйықтықты 2,5 мл-ден күніне 3 рет ішкізіңіз. Емді тамақтан 30 минут бұрын жүргізесіз. Бұл қызуды да түсіруге қабілетті әдіс.

Міне, осы әдістер сізді ангинадан құтқарады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дайындаған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БҮЙРЕК ауруын 6 ӘДІСПЕН емдеңіз

СІЗДІҢ үйіңізде болуы тиіс 6 түрлі ЕМДІК ШӨП