​Ауыздағы ЖАҒЫМСЫЗ иіс МАЙ шайнасаңыз кетеді

0
12 985

Бұл ТӨРТ әдіс ЕКІ сағатта ауыздағы ЖАҒЫМСЫЗ ИІСТІ жояды


​Ауыздағы ЖАҒЫМСЫЗ иіс МАЙ шайнасаңыз кетеді

фото: yandex.ru

Ауыз қуысын күніне 2 рет жуып, әр тамақтан соң аузыңызды таза сумен шайып тұрсаңыз да ауыздағы иіс кетпей ме? Әсіресе таңертең ұйқыдан тұрғанда сізге қолайсыздық тудыра ма? Оның шешімі бар әрі өте оңай.


Мамандардың айтуынша, ауыздағы жағымсыз иіс тазалықты дұрыс сақтамағаннан және кариестен, қызыл иектің қабынуынан, гастриттен немесе асқазан жарасынан пайда болады екен. Ал иісті кетіру үшін САҒЫЗ шайнау, КӘМПИТ сору дұрыс ШЕШІМ ЕМЕС. Оның орнына МАЙ (зәйтүн, күнбағыс, күнжіт) шайнау керек.


Ауыздағы иісті білу үшін...

Кейде өзіңіз байқамайсыз, бірақ айналаңыздағылар сізге жақындамай сөйлейтін кездер болады. Оларды сізден алыстатып тұрған аузыңыздағы иіс. Оны білудің жолы қарапайым. Бар болғаны таза шыны ыдысты аузыңызға жақындатып, үрлеңіз. 2-3 секундтан соң стақанды иіскесеңіз, белгілі болады. Егер мұрныңызды жарып тұрған жағымсыз иіс болса, МЫНА әдіске жүгініңіз.


МАЙ шайнаңыз

фото: postila.ru

Мұны тибет елі ұсынған. Таңертең ашқарынға 1 ас қасық майды тіліңіздің астына құйып, шайнайсыз. Майдың қайсы түрін таңдау өз еркіңізде. Жұтпайсыз, мейлінше шайнайсыз немесе сорасыз. Аз уақыттан соң майды түкіріп, аузыңызды таза сумен шаясыз. Осылайша 1 ай бойы жасасаңыз, ауыздағы жағымсыз иістен біржолата құтыласыз. Сондай-ақ, ағзаңыздағы улы заттар шығып, ағзаңыз тазарады.


ЛИМОН немесе ЛАЙМ

Өздеріңізге мәлім, С дәрумені жағымсыз иіс тудыратын бактерияны өлтіреді. Күніне кем дегенде 2 рет лимон қосылған шай ішіңіз. Немесе 1-2 тілік лимонды қабығымен жеуді әдетке айналдырыңыз. Бұл әдіс темекінің иісін де кетіруге қабілетті екенін ескеріңіз.


КӨК ШАЙ немесе КОФЕ ДӘНІ

фото: m.dom-eda.com

Көк шай полифенолға бай. Ол ағзадағы уытпен күреседі. Ал кофе дәні – антисептик қызметін атқарады. Ауыздағы жағымсыз иістен құтылғыңыз келсе көк шайды немесе кофені ішпеңіз, керісінше жапырақты аузыңызға салып, шайнаңыз.


ДӘМДЕУІШТЕР немесе ШӨПТЕР

Құрамында эфир майы бар қалампыр, кардамон, бұрыш, фенхель дәмдеуіштері ауызды жағымсыз иісті жояды. Сонымен қатар насыбайгүл, аскөк, ақжелкен, жалбыз, тимьян шөптері де сізді қолайсыздықтан құтқарады.

Бұларды тамаққа, салатқа қоспайсыз, бар болғаны осы күйінде қалаған біреуін алып, аузыңызға саласыз. Сосын баяу қимылмен шайнай бастайсыз. 1-2 минуттан соң шөпті түкіріп тастап, ауыз қуысын таза сумен шайыңыз.


БҰДАН БӨЛЕК

Жоғарыда келтірілген әдістер оқығанда оңай болғанымен, жасап көру қиындық тузызады. Біреуінің иісі ұнамаса, екіншісінің дәмі көңілді айнытады. Бірақ жағымсыздықтан арылу үшін амал жоқ деп ойлаймыз. Жалпы, ауыз қуысының тазалығы күнде 2-3 рет, тіпті одан да көп ретті талап етеді. Өйткені аурудың бәрі ауыздан басталатынын ұмытпаңыз. Сондықтан да ауыз қуысының тазалығын бірінші орынға қоя біліңіз. Ол үшін:

  • тәулігіне 2 литр су ішіңіз;
  • таңертең көк алма жеңіз. Алма – ауыз қуысының тазалығына жауап беретін бірден-бір ем екенін ескеріңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: fb.ru


Аударған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТІС ауруын ДӘРІСІЗ емдеуге болады


Бұл ӨКПЕ ауруының БЕЛГІЛЕРІ