Бұл азықтардың көмегімен бір емес, бірнеше дерттің алдын аласыз.
фото: kakprosto.ru
Иммунитет – баланың ағзасының қорғаныш күші. Егер ол әлсіз болса, ағзаны қорғай алмайды. Салдарынан бала суықтап ауруға бейім келеді. Ауруға шалдыққан баланы емдеумен қоса, иммундық жүйесін де нығайтуды қолға алыңыз. Себебі, иммунитет көтерілмей емнің бекер екенін ескеріңіз.
Иммунитеті әлсіз бала:
- ұйқышыл болады;
- жиі ауырады;
- әлсіз болады
- тез шаршайды;
- дисбактериозға шалдығады;
- аллергияға бейім келеді.
Бала иммунитетін көтеретін түрлі дәрумендер бар. Десе де, құрамына химикат қосылған дәруменге қарағанда табиғи жолды таңдағаныңыз дұрыс болады. Себебі, төменде жазылған азықтар баланың иммундық жүйесін нығайтады, қанын көбейтеді, холестеринді азайтып, ағзаны құнарлы, нәрлі, минералды заттарға байытады. Бір азықпен бірнеше дерттің алдын алды.
Сонымен қандай азықтар иммунтитетті көтереді?
Тамырлы көкөністер (сәбіз, қызылша), жеміс-жидектер, жаңғақтар иммунитетті көтеретін дәрумендерге, минералды заттарға, макро-микроэлементтерге бай. Бұл заттар ағзаға тез әрі оңай сіңеді, ішектің жұмысын жақсартады, инфекциялық аурулардан қорғайды.
фото: homeofswallows.com
ЗІМБІР
Зімбірдің тамырын үккіштен өткізіп шыны ыдысқа саласыз. Оған 1-2 ас қасық лимон, 2 ас қасық шекер қосып, ыдыстың қақпағын мықтап жабыңыз. Дайын болған емдік қоспаны тамақтанудан алдын 1 шай қасықтан бересіз.
ӨРІК пен ЖАҢҒАҚ
100 гр. кептірілген өрік пен жаңғақты аласыз. Өрікті ыстық сумен жақсылап жуып алыңыз. Сосын екеуін еттартқыштан өткізіп, ыдысқа салыңыз. Үстіне 2-3 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны күнде таңертең ашқарынға 5-10 грамнан жегізесіз. Қоспаны тоңазытқышқа қою керектігін ұмытпаңыз.
ИТМҰРЫН
5-10 дана итмұрынды (шиповник) салқын суға жуып алып, термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, қақпағын жабыңыз. Шамамен 12 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, ішкізесіз. Итмұрын тұнбасы иммундық жүйені нығайтады.
САРЫМСАҚ
- Кез келген бала сарымсақ жей бермейді. Десе де жегізудің түрлі тәсілі бар. Ендеше, 1-2 тіс сарымсақты жақсылап езіңіз. Оған 1 шай қасық бал мен 1 ас қасық лимон шырынын араластырып, балаңызға жегіңіз. Емді түнде ұйқыға жатар кезде жүргізесіз.
- 1 стақан ыстық сүтке 2-3 ас қасық сарымсақ шырынын араластырып ішкізсеңіз де керемет ем болады. Емдік сусынды жылы күйінде түнде ұйқыға жататын кезде бересіз.
фото: www.picfair.com
ІНЖІР
2-3 дана інжірді тазалап жуып, ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан сүт құйып, баяу отта 15 минут қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң отты өшіріп, қайнатпаның бетін жауып қойыңыз. Жылыған кезде сүтті ішіп, жидекті жегізсеңіз болады.
Емдік қасиеті орасан бұл қайнатпа тұмау, суықтау секілді аурулардан құлан таза айықтырады.
МҮКЖИДЕК пен ЛИМОН
2 дана лимон мен 1 келі сүйексіз мүкжидекті еттартқыштан өткізесіз. Оған 2-3 ас қасық бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қоясыз. Түрлі дәрумендер мен минералды заттардың қайнар көзі болып табылатын бұл қоспаны күніне 3 рет 2 ас қасықтан жегізіңіз.
Аталған қоспаны алдын ала дайындап кез келген уақытта қолдануға болатынын ескеріңіз!
ҚЫЗЫЛША, СӘБІЗ, ӨРІК, МЕЙІЗ
500 гр. қызылша мен сәбізді тазалап жуып, қабығын аршисыз. Көкөністерді майдалап турап, кеңдеу ыдысқа салыңыз. Үстіне су құйып, отқа қоясыз. Піскенше баяу отта қайнау керек. Сосын көкөністерді сүзіп алып, ыдысқа салыңыз. Оған 100 грамм мейіз бен 100 грамм өрік салып, тағы да отқа қойыңыз. Қайнауға жақындағанда оттан алып қоясыз. Салқындаған соң 10 мл бал қосып, бетін жауып қойыңыз. Бір күннен соң дайын болған қоспаны 1 шай қасықтан күніне 3 рет жегізесіз.
Бұл қоспа қанды тазалайды, иммунитетті көтереді әрі жалпы жағдайыңызды жақсартады.
БҮРГЕН
Бүргенді езіп, балмен араластырасыз. Оны таңертең жейтін кез келген ботқаға араластырып, кішкентайыңызға жегізесіз. Бүрген жөтелді, суықты емдейді. Сонымен қатар, несеп жүргізеді, өт айдайды әрі ағзаны тазалайды.
Міне, сіз балапаныңыздың иммунитетін көтерудің бірнеше әдісімен таныстыңыз. Үйіңізде бар қолжетімді азықтарды қолдана отырып, қазынаңыздың денсаулығын жақсартыңыз. Табиғи азықтар ағзаға ешқандай зиянын тигізбейтінін біліңіз.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: razvitie-vospitanie.ru
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Баланың ҚОРЫЛДАУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?
Неге КЕСЕК, БОР, КАЛЬЦИЙ жегіміз келеді?