​Бастағы БИТтен құтылудың БЕС жолы

0
106 510

Битті тазалау үшін - тарақ, ақ түсті мата және сабын керек.


​Бастағы БИТтен құтылудың БЕС жолы

фото: hehair.ru

"Қыздардың басындағы биттен қалай құтылсақ екен. Үйдегі кішкентайларға да жұқтырып жатыр. Қанша тазаласақ та битті кетіре алмадық, сіркені сығудан шаршадық..." Міне, бұл 3-4 ананың басы қосылғанда міндетті түрде айтылатын әңгіме. Бит басқан шашты алып тастасаңыз биттен әп-сәтте-ақ құтыласыз. Әрине қалжың. Бірақ мұндай ойдың да жылт етер кезі кездеседі. Өйткені шаштағы битті тазаламасаңыз балаққа түсетіні анық.

Бүгінгі аналарымыздың басты проблемасына айналған мәселені халықтық тәсілмен шешудің 5 жолын ұсынамыз.

фото:vrediteli24.ru


1. Керосин

Май (күнбағыс, жүгері, асқабақ, жүзім) мен керосинді 1:10 есебімен араластырыңыз. Дайын болған сусынды шашыңыздың түбіне жағып, пергамент қағазбен орайсыз. Сыртынан орамал тағып, жатыңыз. Таңертең шашыңызды балалар сабынымен жуу керек. Сосын өлген бит пен сіркені сірке суына салынған майда тарақпен тарап түсіріңіз.


2. Лимон мүкжидек немесе анар шырыны

Бұл жеміс шырындарының құрамы қышқылға бай. Сондықтан да биттен құтылу үшін осы шырынды шаштың ұзындығына жағып, 1-1,5 сағаттай басыңызды орап алыңыз. Белгіленген уақыттан соң шашыңызды сусабынмен жуып, майда тарақпен тарайсыз. Нәтижесін көргіңіз келсе, ақ түсті матаға тараңыз.


3. Мүкжидек жемісі

3 уыс мүкжидек жемісін езіп, шашыңыздың түбіне жағыңыз. Ал шырынын шашыңыздың ұзындығына жағасыз да полиэтилен пакет киіп алыңыз. Сыртынан сүлгімен орап, 3 сағат жүресіз. Белгіленген уақыттан соң шашыңызды жуып, майда тарақпен тараңыз.


4. Сірке суы қосылған су

70 пайыздық 1 тамшы сірке суды 10 тамшы таза сумен араластырасыз. Дайын болған емдік сусынды күніне бір рет өзіңізге ыңғайлы уақытта шашыңыздың түбіне жағасыз. Шамамен 10-15 минуттан соң шашыңызды ағынды сумен шаясыз. Емделу мерзімі – 3 күн.


5. Қылқан бұтақтары

Жарты шелек қылқан бұтақтарына су құйып, отқа қоясыз. 2-3 сағаттай қайнатып аласыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алыңыз. Алдымен шашыңызды сабынмен жуып, артынан жылы тұнбамен шайыңыз. Сосын сүлгімен орап, төсекке жатыңыз. Бұл тұнба бит пен сіркеден арылтады әрі шашыңызды жылтыратады.


Одан бөлек, қарамайлы сабын, «Педилин» сусабыны, 5 пайыздық күкірт май мен бор майы да биттен арылтуға айтарлықтай көмектеседі.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.



Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


БАЛА көтеруге көмектесетін АЛТЫ мүмкіндік

БАУЫРДЫ тазалауда қателесуге жол бермейтін БЕС қағида