Егер сіз бөдене жұмыртқасын үзбей жейтін болсаңыз, онда саулығыңыз кез келген қауіпті аурумен күресе алады.
фото: aslady.ru
Гастрит – асқазанның шырышты безінің қабынуынан пайда болады. Ауруды елеусіз қалдыруға болмайды. Уақытында тексеріліп, қажетті ем-шараларын жүргізбесеңіз, соңы асқазан жарасына немесе қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Гастриттің алғашқы белгілері:
фото: joinfo.com
- асқазанның жоғарғы жағы сыздап ауырады;
- тамақтан кейінгі ауырлық;
- тамақтан соң жүрек айнып, құсу;
- ащы немесе сасық кекіру;
- таңғы уақыттағы қыжыл;
- іштің кебуі;
- нәжістің өзгеруі;
- іш өту немесе іш қату;
- ауыздан жағымсыз иістің шығуы;
- жалпы жағдайдың нашарлауы – шаршау, ұйқышылдық, жұмысқа қабілеттің төмендеуі;
- терінің құрғауы, тырнақтың сынғыштығы мен шаштың түсуі болып табылады.
Созылмалы гастрит басқа да ағзалардың жұмысына кері әсер етіп, бұзылуына септігін тигізеді. Нақтырақ айтқанда, гастриттің әсерінен қан қысымы төмендейді, тахикардия пайда болады. Оған қоса, қаназдық, бас ауруы, тершеңдік пен панкреатит мазалайды.
Егер сізде жоғарыда жазылған белгілер байқалса немесе асқазандағы ақауды анықтағыңыз келсе, онда ГАСТРОЭНТЕРОЛОГ дәрігердің қабылдауына жазыласыз. Дәрігер сізді толық тексеруден өткізген соң емдеу нұсқаулығын ұсынады. Ал сізде дәріге аллергия болса, онда үй жағдайында емделуге болады. Біз ұсынған бұл әдіс ауруыңыздан айығуға септігін тигізеді.
ЗЫҒЫР ДӘНІ
фото: ok.ru
1-рецепт
250 мл қайнаған суға 1 шай қасық зығыр дәнін салып, 10 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, күніне 4 рет ішесіз. Емді тамақтан алдын ішу керек.
Егер аталған тұнбаға түймедақ (ромашка), түймешетен (пижма), сәлбен (шалфей) және аюқұлақ (толокнянка) тұнбасын араластырсаңыз, емдік қасиеті арта түседі.
2-рецепт
0,5 литр қайнаған суға 3 ас қасық ұнтақталған зығыр дәнін қосып, 5 минуттай қайнатасыз. Белгіленген уақытта дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 3 ас қасықтан ішесіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек.
БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!
Егер зығыр дәнінен дайындалған ботқаны үзбей жеп жүрсеңіз асқазан жарасын да жаза аласыз. Ботқаны дайындау үшін 2 ас қасық дәнді 1 стақан қайнаған суға салып, араластырасыз. Шамамен 10 минуттай тұндырып қойып, татымына қарай тұз бен қант қосып жейсіз.
ҚАРАҚҰМЫҚ БОТҚАСЫ
3 ас қасық қарақұмықты термостағы 10 ас қасық қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Бұқтырылған ботқаны таңғы асқа жейсіз. Емделу мерзімі 1 аптадан 2 айға дейін ұзарады. Бұл тұнба асқазан ауруларының бәріне ем болатын қасиетке ие.
ГРЕК ЖАҢҒАҒЫНЫҢ ТҰНБАСЫ
фото: kk.diabetes-education.net
20 гр. ұнтақталған грек жаңғағын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырасыз. Әр минут сайын араластырып тұруды ұмытпаңыз. Шамамен жарты сағаттан соң сүзіп алып, 2 шай қасық бал араластырасыз. Дайын болған тұнбаны күніне 1 ас қасықтан қабылдайсыз.
МУМИЕ
Белгілі мөлшерде мумиені алып, жақсылап ұнтақтайсыз. 2 ас қасық үгіндіні 0,5 стақан спиртке салып, күн тимейтін жерге қойыңыз. Арадан 2 апта өткенде тұнбаны сүзіп алып, 1-2 ас қасықтан күніне 2 рет қабылдайсыз.
БӨДЕНЕ ЖҰМЫРТҚАСЫ
Аллергияға қарсы азықтардың тізімін толықтыратын бөдене жұмыртқасы адам ағзасына қажетті дәрумендер мен минералды заттардың қайнар көзі десек артық болмас. Осындай бағалы қасиетімен белгілі бұл жұмыртқа асқазан ауруларын да емдеуге қабілетті көрінеді. Одан бөлек, иммунитетті көтереді әрі ағзаны қуаттандырады. Ол үшін күніне 1-2 дана жұмыртқа жеуге әдеттеніңіз. Егер сіз үзбей 2 ай бойы бөдене жұмыртқасын қорек етсеңіз, онда саулығыңыз кез келген қауіпті аурумен күресе алады.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Материал түрлі дереккөздерінен алынды
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ҚИЯР шырыны ЦИСТИТТЕН құтқарады
Ашқарынға БАЛ жесеңіз АҒЗА қандай ӨЗГЕРІСКЕ ұшырайтынын білесіз бе?
КОРОНАВИРУС, АЛЛЕРГИЯ, ТҰМАУ немесе СУЫҚ ТИЮ - АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ қандай?