​БРОККОЛИ есте сақтау ҚАБІЛЕТІН жақсартады

0
6 347

Егер аталған әдісті қолданатын болсаңыз, ойыңызға неше түрлі идеялар келіп, оны жүзеге асыруға белсенділік танытасыз.


​БРОККОЛИ есте сақтау ҚАБІЛЕТІН жақсартады

фото: Яндекс.Дзен

Бүгінгі мақалада біз үй жағдайында есте сақтау қабілетін жақсартатын әдістерді ұсынамыз. Бұл тұнба мен азықтар мидың белсенді жұмыс істеуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, есте сақтау қабілетін жақсартып, ойлау жүйеңізді нығайтады. Жаңа дүниелерді тез жаттап, естігеніңізді ешқашан ұмытпайтын боласыз. Егер аталған әдісті қолданатын болсаңыз, ойыңызға неше түрлі идеялар келіп, оны жүзеге асыруға белсенділік танытасыз.


СӘЛБЕН тұнбасы

Эфир майы мен илік затқа бай сәлбенді (шалфей) суыққа, тұмауға, тамақ ауруына қарсы ем ретінде кеңінен қолданады. Сонымен қатар, асқазан мен ас қорыту жолдарының да жұмысын жақсартып, жалпы ағзаның саулығын арттырады. Қандағы қанттың мөлшерін реттейді әрі жүйке жүйесін тынықтырады. Одан бөлек есте сақтау қабілетін де жақсартып, мидың белсенді жұмыс істеуіне ықпал етеді екен.

Ендеше, есте сақтау қабілетіңізді жақсарту үшін күніне 3 рет 1 стақан сәлбен тұнбасын ішіңіз. Емді 1 апта қабылдаған соң оң нәтижесін байқайсыз.

Тұнбаны әзірлеу үшін 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық өсімдікті салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 15 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ем ретінде ішіңіз.


ШОКОЛАД

Арнайы мамандар 50-69 жас аралығындағы 37 еріктіге шоколадтың қай ағзаға әсер ететінін анықтаған болатын. Нәтижесінде мидың жұмысына өте жақсы әсер еткенін байқаған.

Бала да, ересек те сүйіп жейтін шоколадтың қан қысымын түсіретін, бауырдың қан ағымын жақсартатын әрі терінің саулығын сақтайтын қасиеті бар екенін білеміз. Ендеше, есте сақтау қабілетіңіздің мықты болуын қаласаңыз, күніне 2-3 текше шоколад жеуге әдеттеніңіз.

фото: news.myseldon.com


ҚАРА ӨРІК

C, B6 және Е дәрумендеріне бай бұл жеміс есте сақтау қабілетін жақсартуға ықпал етеді. Адам ағзасына өте пайдалы қара өрік қандағы қант деңгейін реттейді, жүрек ауруынан сақтайды, асқазан мен ішек жолдарының жұмысын жақсартады.


КӨК ШАЙ

Антиоксидантқа бай бұл шайдың иммунитетті нығайтып, түрлі аурудың алдын алатын қасиеті бар. Оған қоса, есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың жұмысын белсенді ететін де кереметі бар.


БРОККОЛИ

A, C және E дәрумендерінің қайнар көзі саналатын брокколи адам ағзасы үшін өте пайдалы көкөніс. Оның құрамындағы фосфор, мырыш, калий элементі мен аминқышқылы есте сақтау қабілетін жақсартуға ықпал етеді.

Сондықтан да аталған көкөністен түрлі тағам әзірлеп жеңіз. Тіпті, күнделікті жасайтын көкөніс салатына қоссаңыз да болады.


ЗЫҒЫР ДӘНІ

Омега-3 қышқылына бай зығыр дәні мидың жұмысын жақсартуға септігін тигізеді. Көптеген дертке дауа болатын зығырдың майын да қолдануға болады. Ал дәнді күнделікті азық ретінде қолдануға болады.

Миды оятып, жақсы жұмыс істеуі үшін таңертең 1 ас қасық зығыр майын немесе 100 гр. зығыр дәнін қабылдаңыз.

фото: pitermama.ru


АДАМТАМЫР

Қанның дұрыс айналуына септігін тигізетін адамтамыр (женьшень) өсімдігі жүйке жүйесінің саулығын реттеп, есте сақтау қабілетін жақсартуға ықпал етеді.

Ендеше, мидың саулығын жақсартқыңыз келсе, күніне 3 рет 1 стақан адамтамыр өсімдігінен дайындалған тұнба ішіңіз.


СУ ішіңіз

Ми 80 пайыз судан тұрады. Егер ол жеткіліксіз болса, онда ми құрғап, жұмыс істеуіне кері әсер етеді. Мидың жұмысы әлсіреген сайын адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды, көргені мен естігенін тез ұмытады әрі мұқият болудан қалады.

Мидың сусыздануы басқа да ағзалардың жұмысына, саулығына кері әсер етеді. Сондықтан да мұндай қауіптің алдын алу үшін күніне кем дегенде 8 стақан су ішіңіз.

Су – есте сақтау қабілетін жақсартады, миды белсенді жұмыс істеуге жұмылдырады әрі кез келгенге зер салып мұқияттылық танытуға септігін тигізеді.

Ал кофе, шай, газды сусындар керісінше мидың жұмысын бәсеңдетіп, есте сақтау қабілетті нашарлатады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: healthwaters.ru



Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


МҰРЫННАН аққан СУДЫ аскөк МАЙЫ тоқтатады


ЖҮКТІЛІК кезіндегі АНЕМИЯНЫ жеңудің ЕКІ жолы бар


Күнге КҮЙГЕН теріні ҚАЛАЙ емдейміз?