Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді

0
12 945

2-ші күні-ақ керемет нәтижесін көресіз.


Бұл БЕС тұнба БАУЫРДЫ тазалайды әрі емдейді

фото: myretsepti.ru

Бауыр – ағзадағы тазалаушы құрал. Әсіресе, тамырымызда ағатын қанды тазалайды. Бірақ біздің жағымсыз әрекеттеріміз, салауатты өмір салтын сақтамағанымыз, көп көлемде дәрі қабылдағанымыз бауырға зиянын тигізеді. Салдарынан бауыр улы затқа толып, жұмысы нашарлайды. Ол үшін не істейміз? Осы орайда, бауырды дәрісіз қалай тазалаймыз? деген сұрақтың тууы заңды. Оған жауап ретінде мына әдістерді ұсынамыз:


Өзіңізге оңай, ыңғайлы әрі тиімді түрін таңдап алып, сынап көріңіз.


МЕЙІЗ тұнбасы

фото: www.youtube.com

Бізге керегі 400 мл су мен 150 гр. мейіз. Алдымен мейізді тазалап жуасыз. Ыдысқа қажетті суды құйып, отқа қойыңыз. Қайнап шыққан соң мейізді салып, 20 минуттай баяу отта қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң отты өшіріп, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Таңертең тұнбаны сүзіп алып, аздап жылытып ішесіз.

Ескеріңіз! Емдік қасиеті мол тұнбаны таңертең ашқарынға ішу керек. Сосын 30-35 минуттан кейін таңғы асқа отырасыз. Осылайша үзбей 4 күн жүргізесіз. Дегенмен, 2-ші күні-ақ керемет нәтижесін көресіз.

Тұнбаны мейлінше түнде дайындағаныңыз дұрыс. Мейіз тұнбасының денсаулыққа ешқандай да зияны жоқ. Тіпті, 1 айда 1 апта бойы ішсеңіз де болады. Бірақ, ем кезінде майлы қышқыл мен алкогольді ішімдікті шектеу керек.


СҰЛЫ тұнбасы


фото: vredilipolza.ru

  • 3 литр ыстық суға 1 стақан сұлыны салып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 10-12 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 200 мл-ден ішесіз. Емді күніне 2-3 рет қабылдау керек.
  • Термоска 1 стақан сұлы, 3 ас қасық ұнтақталған итбүлдірген жапырағы мен 2 ас қасық ұнтақталған қайың бүршігін саласыз. Үстіне 4 литр су құйып, тұндырып қойыңыз. Ертеңіне мына тұнбаны әзірлейсіз. Ол үшін 1 стақан кептірілген итмұрын (шиповник) мен 2 ас қасық таранды (спорыш) араластырасыз. Оған 100 мл су құйып, отқа қойыңыз. Ыдысты баяу отта 15-20 минуттай қайнатыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алыңыз.

Енді екі түрлі тұнбаны араластырып, 100-150 мл-ден ішесіз. Емді күнде тамақтанудан алдын қабылдаңыз. Емделу мерзімі – 2 апта.


СӘБІЗ шырыны

фото: 1zoom.ru

2-3 дана сулы әрі балғын сәбізді шырынсыққыштан өткізіңіз. Оған қант қоспайсыз. Дайын болған шырынды 200 мл минералды газсыз сумен араластырыңыз. Дайын болған емдік сусынды өте жай ұрттамнан ішесіз. Емді күнде таңертең ашқарынға жүргізу керек. Емделу ұзақтығы бауырдың жағдайына қарай 3,5 айдан 8 айға дейін жалғасады.


АҚЖЕЛКЕН тұнбасы


фото: medikforum.ru

1 бума ақжелкенді тазалап жуып алып, ұсақтап утрайсыз. Оған 4 дана сулы сәбізді, 2 сабақ балдыркөкті және 1/2 дана лимонды қосып, блендермен араластырасыз. Дайын болған сұйықтықты таңғы астан алдын ішесіз.


ШӨПТЕР тұнбасы

фото: receptykulinarov.ru

0,5 литр қайнаған суға 3 ас қасықтан ұнтақталған итмұрын (шиповник), бақбақ (одуванчик) және қалақай (крапива) шөтерін саласыз. Ыдыстың қақпағын мықтап жауып, тұндыру керек. Сусын салқындаған кезде сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан 30-40 минут алдын жүргізесіз.

Бұл тұнба зат алмасуды жақсартады, өттің жұмысын реттейді, бауырдағы шлакты шығарады.

Емделу ұзақтығы – 1 ай. Араға 2 ай үзіліс жасап, емді қайта жүргізуге болады.

Аталған үш шөптің де атқаратын қызметі орасан зор:

ИТМҰРЫН – зат алмасуды жақсартып, өттің шығуын тездетеді;

БАҚБАҚ – бауырды улы заттан, шлактан керемет тазартады;

ҚАЛАҚАЙ – өттің тез әрі дұрыс шығуына ықпал етеді. Сонымен қатар, өт жолдарын шлактан тазалайды.

Ендеше, дәріханадан қолжетімді бағада сатылатын осы үш шөпті алып, бауырды «жуыңыз». Бауыр шлактан тазарса, ағзаның саулығы жақсарады, көңіл-күйіңіз көтеріледі, иммундық жүйеңіз нығаяды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ГЕМОГЛОБИНДІ бір күнде ДӘРІСІЗ көтеруге болады


Мына ТӨРТ тұнба ҚАНДЫ тазалайды


Ұйқы безінде ҚАТЕРЛІ ісіктің БАР-ЖОҒЫН өзіңіз АНЫҚТАЙ аласыз