Бұл бір күнде-ақ геморройдан құтқарып, жаныңызды рахатқа бөлейді.
фото: allclinic.md
Геморрой – жауыр болған емес, керісінше жасырын тақырып. Көпшілік жасқанып, жасырғысы келеді. Алайда ауруын жасырғанның өлетінін ескерсек, емделуден ұялмау керек. Мейлінше тексеріліп, анықтап, шипасын іздеген маңызды. Енді басталса емдеу қиын емес. Ал асқынып кетсе, соңы ота залынан бір-ақ шығарады. Егер сіз геморройдың қандай да бір белгілерін байқасаңыз, дереу дәрігерге барыңыз. Тексерілуге ұялатын болсаңыз, онда халықтық жолмен дертіңізге дауа табыңыз.
Геморрой ауруы – қышу, күйдіру, қан кету секілді белгілер арқылы көрініс береді.
Геморройдың пайда болуына:
- күн ұзақ бір орында отырып жұмыс істеу;
- тым көп жүк көтеру;
- аяғынан тік тұрып жұмыс істеу;
- дұрыс тамақтанбау (майлы, тұзды, қуырылған тамақты көп тұтыну);
- артық салмақ;
- шылым шегу, алкоголді ішімдік ішу;
- жүктілік немесе босану;
- стресс;
- жиі іш қату немесе іш өту;
- ішекке ісіктің пайда болуы себеп болады.
фото: fb.ru
Негізінде геморройдың шыққанын бірден байқау қиын. Десе де, жайсыздықтар арқылы белгі береді.
Геморройдың белгілері:
- мазасыздық;
- анал аймағының қышуы;
- күшенген кезде анал аймағының ауруы;
- анал аймағында ісіктің пайда болуы;
- анал аймағынан қан кету;
- үлкен дәретке отырғанда анал аймағында томпақ зат білінеді. Кей жағдайда үлкен дәретті ұстай алмайтындар болады. Міне бұл геморройдың асқынғанын айқындайды.
Кез келген ортада айтуға ыңғайсыздық тудыратын бұл ауруды емдеуге медицина түрлі дәрілерді, свечаны ұсынады. Жоғарыда айтқанымыздай бәріміз бірдей тексерілуден жасқанамыз. Сондықтан да геморройдың көзін құртатын 5 түрлі ем ұсынамыз.
ЫСТЫҚ ВАННА
фото: shnyagi.net
1 литр сүтті ыдысқа құйып, отқа қойыңыз. Оған 1 бас пиязды салып, 30 минуттай баяу отта қайнатасыз. Белгіленген уақыттан соң емдік сұйықтықты шылапшынға құйып, буына жүрелеп отырасыз. Ем уақыты сүт салқындағанға дейін созылады.
ТҮЙМЕДАҚ ТЫҒЫНЫ
30 гр. кептірілген түймедақ (ромашка) шөбін 200 мл қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, мұз жасайтын арнайы текшеге құясыз. Ыдысты мұздатқышқа қою керектігін ұмытпаңыз. Дайын болған түймедақ мұзы ісінуді кетіреді, қабынуды емдейді. Тамырлар тарылып, қан жақсы айнала бастайды. Түймедақ бактерияға қарсы және анальгетикалық әсерге ие.
КАРТОП ТЫҒЫНЫ
фото: Яндекс.Дзен
Картопты жуандау етіп тіліктеп турайсыз. Көкөніске вазелин жағып, тік ішекке саласыз. Картоп тығыны бір күнде-ақ геморройдан құтқарып, жаныңызды рахатқа бөлейді.
БАЛ ТЫҒЫНЫ
2-3 қайтара қабатталған дәкеге сықпа балды салып, нығыздап ораңыз. Сосын жарақаттанған тұсқа қойыңыз. Бал тығыны қабынуды емдейді, геморройдың көзін құртады.
САЛҚЫН КОМПРЕСС
1 дана лавр жапырағы мен 1 шай қасық қырмызыгүлді (календула) ұнтақтайсыз. Ұнтақтың 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2-3 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, мақта матаға малып алып, жарақаттанған тұсқа қоясыз. Сыртынан қағаз таңғыш жабыстырып қою керек. Осылайша 1 сағат жатсаңыз, жеңілдеп қалғанын сезесіз.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: doctor-365.net
Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ЛИМОН қабығы ДИАБЕТ ауруын ЕМДЕЙДІ
Мына ТӨРТ түрлі ДЕРТКЕ шалдыққандарға БАНАН жеуге БОЛМАЙДЫ