​Қандағы ҚАНТ мөлшерін ТӨМЕНДЕТЕТІН 4 әдіс

0
10 162

Нәтижесі сол күні-ақ белгілі болады


​Қандағы ҚАНТ мөлшерін ТӨМЕНДЕТЕТІН 4 әдіс

фото: budtezdorovy.net

Тұнба – бүгінгі ең тиімді әрі қолжетімді «дәрі». Оның қауіпсіздігі өз алдына. Бастысы, дұрыс дайындап, уақытылы ішсеңіз болғаны. Тұнба – адамның саулығына да, сұлулығына да таптырмайтын емдік әдіс. Оның пайдасы орасан зор.

Біз ұсынып отырған әдіске қолданатын шөптің құрғағы да, балғыны да жарай береді. Одан бөлек, бұл емдік шөптерді кез келген дәріханадан немесе базардан табасыз.

Сонымен, қандағы қанттың мөлшерін қалпына келтіретін емдік шөптермен танысып алайық. Оның емдік қасиеті, пайдасы туралы айтамыз. Сонан соң қалай дайындап ішу керектігіне тоқталамыз. Назарларыңыз бізде болсын!

фото: totalbest.ru

1. БОЙДАНА – Еуропа мен Оңтүстік Азияда өсетін біржылдық өсімдік. Оны дәмдеуіш ретінде батыс асханалары қолданады. Ал медицинада емдік шөп ретінде кеңінен танымал. Бойдана (пажитник) өсімдігі - холестеринді реттейді, гастритті, ағзаның қабынуын және бауыр ауруларын емдейді. Ал құрамындағы кумарин мен никотин қышқылы диабет ауруының алдын алып, қандағы қант мөлшерін қалпына келтіруге қабілетті.

Қабылдау мөлшері:

Алдын ала дайындалған тұнбаны күніне 1 рет 1 шыныдан ішесіз. Емделу мерзімі – 1 ай. 1 апта үзіліс жасап, екінші рет тағы қайталайсыз. Екі курс емнен соң диабет ауруын мүлде ұмытатыныңызға сеніңіз.


2. АДАМТАМЫР – қанттың мөлшерін реттейтін емдік шөп. Оның құрамындағы панаксан ағзаның дұрыс жұмыс істеуіне, қандағы қанттың мөлшерін қалпына келтіруге қабілетті.

Қабылдау мөлшері:

Адамтамырдан (женьшень) дайындалған тұнбаны күніне 1 рет 1 шыныдан ішесіз. Емделу ұзақтығы – 3ай. Арада 1 ай үзіліс жасап, қайтадан жалғастыруға болады.

фото: diabetdoctor.ru

3. ТҮЙМЕДАҚ – кеңінен танымал біржылдық өсімдік. Оның емдік қасиетін тізіп таусыта алмайтынымыз анық. Десе де, диабет ауруына керемет ем екенін біле жүріңіз. Түймедақ (ромашка) – асқорыту жолдарын, тамақ, тыныс алу жолдарын емдеуге қабілетті. Одан бөлек, ұйқысыздық ауруын, ревматизм зардаптарын, геморройды емдей алады. Ең бастысы, қандағы қант мөлшерін қалпына келтіреді. Ал құрамындағы гликоген заты бауыр мен ұйқы безді аурудан қорғайтын қызмет атқарады.

Қабылдау мөлшері:

Түймедақ тұнбасын күніне 2 рет 1 шыныдан ішесіз. Емді тамақтан соң қабылдау керек.


4. КӨК ШАЙ – инсулиннің қызметін атқарады. Бұл туралы көпшілігіміз естімеген де болармыз. Алайда, көк шайдың диабет дертіне тосқауыл қоятын қасиеті бар екен. Аталған сусын қанттың мөлшерін төмендетіп, ағзаның жұмысын жақсартады.

Қабылдау мөлшері:

Күніне 3 рет көк шай демдеп ішіңіз. Егер 2 ай бойы үзбей ішетін болсаңыз, саулығыңыз жақсарып, сұлулығыңыз артады.

ЕСКЕРІҢІЗ! Көк шайды ашқарынға ішуге болмайды.

фото: yvision.kz

БІРАҚ, біз ұсынған бұл тұнбаның қай-қайсысын ішуден алдын, ауруларыңызды анықтап алыңыз. Егер сізде созылмалы ауру болса немесе денсаулығыңызда қандай да бір кінәрат болса, онда сізге тұнбаны ішуден алдын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алу керек.


Емдік ТҰНБАНЫ қалай ДАЙЫНДАЙМЫЗ?

250 мл қайнаған суды шәйнекке құйыңыз. Үстіне 1 шай қасық таңдап алған емдік шөпті ұсақтап саласыз. Егер балғын түрін алған болсаңыз, мөлшерін 2 шай қасыққа арттырасыз. Шәйтнектің қақпағын жауып, 7 минуттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны кесеге құйып, ішесіз.

Егер сізге татымы ұнамаса бал немесе қант қосудан аулақ болыңыз. Ем үшін шыдауға болады. Өйткені біздің мақсатымыз – қандағы қанттың мөлшерін қалпына келтіру екенін ұмытпаңыз.

Оған қоса, диабет ауруына шалдыққандарға тамақтану мәзіріне өте мұқият болуға кеңес береміз. Бойыңызды дендеген дерттен тезірек айыққыңыз келсе, өте шыдамды блуға тура келеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: zdorovie-otnosheniya.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керектігін БІЛЕСІЗ БЕ?


ҚЫЖЫЛДАН бір-ақ күнде ҚҰТЫЛУҒА болады


Тілдегі ДАҚ мына АУРУ туралы айтады