​Қолтықтағы жағымсыз иісті балаларға арналған ұнтақ кетіреді

0
63 131

Қолтықтағы жағымсыз иістен құтылып, терлеуін тоқтату үшін қымбат дезодорант пен түрлі иіссулардың көмегіне жүгініп жатамыз. Бірақ бұл заттар уақытша ғана көмектеседі. Ал егер түбейгейлі құтылғыңыз келсе, онда мына кеңесті жүзеге асырып көріңіз.


​Қолтықтағы жағымсыз иісті балаларға арналған ұнтақ кетіреді

фото ok.ru

Қолтықтың терлеуі мен ондағы жағымсыз иіс адамның өзіне деген сенімділігін жоғалтады. Одан құтылу үшін қымбат дезодорант пен түрлі иіссулардың көмегіне жүгініп жатамыз. Бірақ бұл заттар уақытша ғана көмектеседі. Ал егер түбейгейлі құтылғыңыз келсе, онда мына кеңесті жүзеге асырып көріңіз.

1. 1 шай қасық бор қышқылын 1 құты талькпен (балаларға арналған) араластырасыз. Күніне 2 рет осы ұнтақты қолтығыңызға сеуіп жүріңіз. Нәтижесін көп уақыт өтпей-ақ байқайсыз.

2. 3-4 түйір марганцовканы 1 стақан қайнатылған жылы сумен араластырыңыз. Осы сумен күніне 3-4 рет қолтығыңызды жуасыз. Бұл ерітінді қолтықтың терлеуін тоқтатады, жағымсыз иісті жояды және түктерді кетіреді. Емді үзбей 2 апта жүргізесіз.

фото 1travmpunkt.com

3. 100 мл жылы суға 1 шай қасық ас содасын араластырасыз. Осы ерітіндіні қолтығыңыздың айналасына жағасыз. Емді тәулігіне 5 рет қайталаңыз. Ас содасы қолтықтың терлегенін тоқтатады әрі түктің өсуін тежейді.

3. Лимон жағымсыз иіс тудыратын бактерияларды өлтіреді. Одан құтылу үшін 1-2 тамшы лимон шырынын қолтығыңызға жағасыз. Бірнеше минуттан соң дымқыл сүлгімен сүртесіз.

Ал лимон шырыны мен суды араластырып, дезодорант ретінде сеуіп жүрсеңіз де оң нәтижеге қол жеткізесіз.

фото papillomy.com

4. 1 шай қасық ұнтақталған ақжелкенді 1 стақан қайнаған суға салып, 5 минут қайнатасыз. Салқындаған соң сүзіп алып, қолтығыңызды сүртесіз.

Ақжелкеннің құрамындағы антибактерия жағымсыз иіспен күреседі.

5. 5 мл сутегінің асқын тотығын 200 мл суға ерітесіз. Оған мақтаны малып алып мәселе тудырып жатқан аймақты сүртесіз. Бұл ерітінді қлотықтағы көзге көрінбейтін, бірақ терлетіп, жағымсыз иісті тудыратын бактерияны өлтіреді, теріні құрғатады әрі жағымсыз иісті жояды.

6. 1 литр суға 3 ас қасық алма сірке суын араластырасыз. Душтан шыққан соң осы ерітіндімен қолтығыңызды сүртесіз. Құрғағанша күтесіз. Сонан соң киімдеріңізді киіп, ұйқыға жатыңыз. Егер сірке судың иісі жағымсыз болса, онда аздап эфир майын қосуға болады.

7. Өте қарапайым әрі қолжетімді емнің тағы бір түрі – балалар сабыны. Күніне 2 рет қарама-қайшы душ қабылдаңыз. Сол кезде қолтығыңыздың айналасына балалар сабынын жағасыз. Қарама-қарсы душ пен сабын қолтықтағы барлық жайсыз мәселені шешеді.

8. 1 дана орташа картопты майда үккіштен өткізіңіз. Езбені қолтығыңызға жағып, 3-4 минут жатыңыз. Белгіленген уақыттан соң масканы жылы сумен жуып, теріңізді құрғатып сүртіңіз.

Ләззат Ахметова,

ERNUR.KZ.