​ЛИМОН қабығы ДИАБЕТ ауруын ЕМДЕЙДІ

0
8 063

Сонымен қатар ЛИМОНДЫ жиі жейтіндер ИНСУЛЬТ ауруына шалдықпайды.


​ЛИМОН қабығы ДИАБЕТ ауруын ЕМДЕЙДІ

фото: popbela.com

Цитрусты жемістердің қабығын асханалық пісірмелерге дәм беру үшін көптеп қосады. Кейбіріміз тері күтімінде де қолданамыз. Алайда бір емес, бірнеше қасиетке ие осы жемістер ауруларға да ем болады екен.

Мәселен, лимонның бойындағы барлық дәрумендер мен минералды заттардың 70 пайызы қабығында сақталады екен. Кей ауруларға лимонды емес, оның қабығын жеген жөн дейді. Айталық, лимонның қабығы холестерин деңгейін реттеп, иммунитетті көтереді. Ал жемісі микробқа, жұқпалы ауруға, бактерияға қарсы ем болады.

Лимонды көп тұтынатындар инсульт ауруына шалдықпайды екен. Сонымен қатар, онкологиялық аурулардан, суық тиюден, демікпеден, бауыр-бүйрек ауруларынан сақтанады. Оған қоса, артық салмақтан арылтып, семіруге жол бермейді.


Аталған аурулардан айығу үшін 1 келі лимон жеу шарт емес. Шипасы мол жемісті шайға, суға қосып ішіңіз немесе лимон қабығынан нәрсу, шырын дайындап ішсеңіз де болады.

фото: nsp-pangody-spb-sharya.ru

Ең негізгісі, ЛИМОН ҚАБЫҒЫ диабет ауруын емдейтін көрінеді. Ол үшін 1 дана лимонды тазалап жуып, құрғатасыз. Сосын алма сірке суына салып қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң лимонды мұздатқышқа саламыз. 15 сағаттан соң мұздатылған лимонды үккіштен өткізіп, шағын ыдысқа саласыз. Ыдысты тоңазытқышқа қойған дұрыс.

Дайын болған қоспаны диабет ауруын емдеу үшін күніне 3 рет 1 шай қасықтан тамақпен бірге қабылдайсыз.


Қандағы қанттың мөлшерін реттеп, диабетті емдеуге басқа да емдік шөптер көмектеседі. Қажет болса солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек...


ҚЫРЫҚБУЫН тұнбасы

30 гр. ұнтақталған қырықбуынды (хвощ) 2 стақан қйанаған суға салып, 10 минуттай баяу отта қайнатасыз. Сосын отты өшіріп, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Шамамен 3 сағаттай тұндыру керек. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан ашқарынға ішесіз. Емді күн сайын жүргізу керек.

фото: ru.depositphotos.com


ТЕҢГЕЖАПЫРАҚ тұнбасы

1 ас қасық теңгежапырақты (манжетка) 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 4 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/4 стақан ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтан алдын жүргізу керек.


АЮҚҰЛАҚ тұнбасы

10 гр. ұнтақталған аюқұлаққа (толокнянка) 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қоясыз. 15 минуттай баяу отта қайнату керек. Белгіленген уақытта отты өшіріп, ыдысты алып қоясыз. Тұнба салқындаған кезде сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне бірнеше рет қабылдау керек.

ЕСКЕРІҢІЗ! Аюқұлақ несеп жүргізетін қасиетке ие.


ЖОЛЖЕЛКЕН тұнбасы

10 гр. кептірілген жолжелкенді (подорожник) 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң сүзіп алып, 2 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан 30 минут бұрын қабылдау керек.

ЕСКЕРІҢІЗ! Егер асқазаныңызда гастрит болса, онда бұл емдік шөп сізге зиян болады.

фото: www.news-press.com


ИТОШАҒАН тұнбасы

1 ас қасық итошаған (череда) шөбін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тура 12 сағаттан соң сүзіп алып, жарты стақаннан күніне 2 рет ішіңіз.


ЖУСАН тұнбасы

1 ас қасық жусанды (полынь) термосқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Таңертең дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/3 стақаннан ашқарынға ішесіз. Емді үзбей күнде қабылдау керек. Емделу мерзімі – 2 апта.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


БҰРЫШ пен БАЛ бір күнде ЖӨТЕЛДІ емдейді


МЫНА 11 белгі ағзаға СУ жетіспейтінін білдіреді


АСПИРИНді КІМГЕ ішуге БОЛМАЙДЫ?