Тек түнде қабылдау керек...
иллюстрациялық фото: aocr2010.org
Біз ұйқыға кеткенде бауырымыз өз жұмысын бастайды. Ағзамыздың қарқынды жұмыс істеуі үшін біздің көмегіміз қажет болады. Ол үшін күнде жатардан алдын 1 стақан мынадай емдік сусындарды ішуіміз керек.
Бауыр ағзаны тазалап, майды ерітуге қабілетті. Сонымен қатар, улы заттар мен шлактарды шығарады. Деніңіз сау, теріңіз таза әрі әдемі мүсін иесі болғыңыз келсе біз ұсынған сусыннан бас тартпаңыз.
ТҮЙМЕДАҚ тұнбасы
иллюстрациялық фото: med-look.ru
Түймедақ (ромашка) – ағзаны пайдалы заттармен байытады. Суыққа қарсы күресуге күш береді, жүйкені тынықтырады. Сондай-ақ тәтті әрі тыныш ұйқы сыйлайды.
Тұнбаны дайындау оп-оңай. Ол үшін 1 стақан суды ыдысқа құйып, отқа қойыңыз. Қайнап шыққан соң отын сөндіріп, 1 ас қасық түймедақ шөбін саласыз. Ыдыстың қақпағын жауып, 10 минуттай тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң сусынды сүзіп алып, жатар алдында ішіңіз. Емді үзбей 14 күн қабылдасаңыз керемет нәтижеге көз жеткізесіз.
ЛИМОН қосылған су
иллюстрациялық фото: avto.goodfon.ru
ЗІМБІР шайы
иллюстрациялық фото: news.amomama.com
Есіңізде болсын! Бұл емдік сусынды аптасына 3 рет қана ішу керек.
ЖАЛБЫЗ шайы
иллюстрациялық фото: pharmaca.com
СҰЛЫ тұнбасы
иллюстрациялық фото: diet-diet.ru
1. Дайындалу әдісі қиын емес. Бар болғаны 100 гр. сұлыны жақсылап жуып, ыдысқа саласыз. Үстіне 1 литр су құйып, отқа қойыңыз. 20 минуттай баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң отты сөндіріп, ыдысты жылы орап қойыңыз. Салқындаған кезде тұнбаны сүзіп аласыз. Дайын болған емдік сусынды 200 мл-ден күніне 3 рет ішіңіз. Емделу мерзімі – 1 ай.
2. Бұл тұнбаны термосқа дайындауға да болады. Ол үшін термосқа 2 стақан сұлыны саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, 12 сағатқа тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттын соң тұнбаны сүзіп алып, 150 мл-ден күніне 3 рет ішіңіз.
Бұл емдік сусынның бәрін түнде ұйқыға жатардан алдын қабылдасаңыз, түнгі ұйқыңыз тыныш болады. Таңертең жүйкеңіз тыныққан, ұйқыңыз қанған күйде оянасыз. Күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: rsute.ru