Мына ​БЕС сусын БАУЫРДЫ тазалайды

0
25 085

БАУЫР – АҒЗА ретінде де, АДАМ ретінде де өте ҚАДІРЛІ. Екеуіне де өте жақсы қарауымыз керек.


Мына ​БЕС сусын БАУЫРДЫ тазалайды

фото: navolne.life

Бауыр – адам ағзасындағы ең үлкен әрі маңызды мүше. Бауыр біздің өміріміз үшін жұмыс жасайды. Бауырдың саулығы – бет-бейнеміздің айнасы. Бауырыңыз сау болса, басқа ағзаларыңыз үшін қам жемесеңіз де болады.


Бауыр шлакка толса:

  • май басады;
  • цирроз пайда болады;
  • әлсіздік билейді;
  • бойкүйездікке бой алдырасыз;
  • семіздік мазалайды;
  • тері сұлулығын жоғалтады;
  • көзіңіз қарауытады.


Сондықтан да бауырдың саулығын сақтап, дұрыс жұмыс істеуін қадағалап, уақытында тазартып тұру керек. Бауырды түрлі әдіспен жуып, тазартуға болады. Ал біз қарапайым сусындармен жуу әдісін ұсынамыз.


СӘБІЗ ШЫРЫНЫ

фото: medvoice.ru

Тамаша таңдау. Сәбізді шикідей жесеңіз де, шикі сәбіздің шырынын дайындап ішсеңіз де көмегі орасан. Егер сәбіз шырынына саумалдық шырынын араластырып ішсеңіз, бауырыңызды «жаңа» қалпына келтіре аласыз.

Сәбіздің құрамындағы флавоноид, бета-каротин және А дәрумені сіздің ағзаңызға, әсіресе бауырға өте пайдалы.


КӨКТЕН ДАЙЫНДАЛҒАН СУСЫН

Көктерге – қырыққабат, саумалдық, қызылша сабағы, салат жапырағы, аскөк пен ақжелкен жатады. Осы көкөністерден салат дайындап жесеңіз болады. Ал бірақ сусын әзірлеп ішсеңіз бүкіл ағзаңыздың жұмысын жақсартады. Бауырды тазалайды, емдейді әрі саулығын ұзақ уақытқа сақтайды.


КӨК ШАЙ

фото: syl.ru

Сіз бүкіл ағзаңызды улы заттан тазартып, зат алмасу жұмысын жандандырғыңыз келсе, алысқа көз тікпеңіз. Ас үйіңіздегі көк шай сіздің арманыңызды әп-сәтте орындайды. Көк шай улы заттарды жоятын антиоксидантқа бай. Бұл сусын майды ерітеді, бауырдың жұмысын жеңілдетеді.

Ол үшін күніне бірнеше шыны қантсыз көк шай ішуді әдетке айналдырыңыз. Ем кезінде кофе, қара шай, газдалған сусыннан үзілді-кесілді бас тартыңыз.


КУРКУМА ШАЙЫ

Куркума – ас үйден орын алатын дәмдеуіш. Сонымен қатар бауырдың саулығын жақсартатын қолжетімді «дәрі».

Таза, тегіс, жаңа, жас теріге ие болғыңыз келсе бауырыңызды тазартыңыз. Ол үшін куркумадан шай әзірлеңіз. Дайындау әдісі қарапайым. 1 шай қасық ұнтақты 1 литр қайнаған суға салып, 10 минуттай баяу отта қайнатасыз. Оған аздап лимон шырыны мен шым-шым қара бұрыш араластырып ішіңіз.


ЦИТРУСТЫ ЖЕМІС ШЫРЫНЫ

фото: m.yandex.com

С дәрумені мен антиоксидантқа бай цитрусты жемістер бауырды тез әрі тиянақты тазалайтын қасиетке ие. Сондықтан да бұл жемістерді жиі жеңіз. Лимон, грейпфрут, апельсин, лайм сынды жемістердің ас мәзіріңізден түспеуін қадағалаңыз. Дүкендегі дайын шырынды алмаңыз. Оның орнына өзіңіз үйде арнайы аппараттың көмегімен ұнатқан жемісіңізден шырын дайындаңыз. Ең тиімдісі әрі пайдалысы лимон шырыны екенін ескеріңіз.


ҚЫЗЫЛША ШЫРЫНЫ

Қызылша – бауырдың айнымас досы десек артық айтпаймыз. Ол қан айналымын жақсартады, қанды тазалайды. Нәтижесінде бауырдың жұмысы жеңілдеп, артық шлактан арылады.

Егер қызылша шырынын сәбіз, лимон, зімбір, насыбайгүл (базилик) немесе қарбыз шырындарымен араластырып ішсеңіз, барлық ағзаңызды аурудан сақтап, жалпы саулығыңызды жақсарта аласыз.


Есіңізде болсын!

Ұсынылған сусынды күніне 3 рет 200 грамнан ішесіз. Емді 1 ай бойы үзбей жалғастырыңыз. Бауырыңыз ауырып жүрсе алма шырынын, банан, авокадо, сұлы және гүлді қырыққабатты көбірек жеңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Алманың ҚАБЫҒЫ қандай АУРУҒА ем болады?


ҮШ қасық МАЙ – ЗОБ ауруын емдейді