​ПНЕВМОНИЯНЫ мына ТӨРТ түрлі ШАЙ емдейді

0
18 585

Бұл ауыр дерт...


​ПНЕВМОНИЯНЫ мына ТӨРТ түрлі ШАЙ емдейді

фото: blotos.ru

Пневмония – өкпенің қабынуы. Бұл ауыр дерт. Оны емдеу дәрігердің қатаң бақылауымен ұзақ уақыт жүреді. Дәрігердің ұсынған ем-шараларын мұқият жасап, ерекше күтімде болсаңыз, аурудан түбегейлі айығып кететініңізге күмәніңіз болмасын.


ӨКПЕНІҢ қабынуына мына себеп деп үзілді-кесілді айта алмаймыз. Аурудың асқынуына:

  • өкпе ауруының асқынуы;
  • созылмалы жөтел;
  • тұмау;
  • вирустық инфекция;
  • иммунитеттің төмендеуі себеп болуы мүмкін.

фото: zen.yandex.by


Аурудың белгілері:

  • жөтел;
  • ентігу;
  • көкірек айналасының ауруы;
  • дене қызуының көтерілуі;
  • тоңып, дірілдеу;
  • әлсіздік пен бұлшықеттің ауруы;
  • бас ауруы.


Бұл белгілерді байқасаңыз ТЕРАПЕВТ дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Ол тексеру шараларын жүргізіп, сіздегі дертті анықтайды. Дәрігерге барғанға дейін МЫНА шайды дайындап ішсеңіз, ауруыңыз аздап басылады.

фото: ua.news

Пневмония кезінде ЖӨТЕЛ мазалайды. Жөтеле берген соң тамақ ауыра бастайды. Осы жайсыздықтың алдын алу үшін жалбыз (мята) бен бойданадан (пажитник) шай демдеп ішіңіз. Бұл шөптер жөтелді жұмсартып, тамақтың ауырғанын басады.


Пневмония кезіндегі ЕНТІГУДІ басу үшін 1 шыны қара немесе көк шай ішіңіз. Шайдың құрамындағы кофеин тыныс жолдарын ашып, тыныс алуыңызды жақсартады.


Ал КӨКІРЕКТІҢ айналасындағы ауруды басу үшін зімбір (имбир) немесе куркума қосылған шай ішіңіз. Бұл шөптер суыққа қарсы күш беріп, бойыңызды дендеген дерттен айықтырады.


Дене ҚЫЗУЫН түсіру үшін әдеттегідей сұйықтықты көбірек ішіңіз деп кеңес береміз. Сонымен қатар түймедақ (ромашка), жаужапырақ (мелисса), итмұрын (шиповник) шөптерін демдеп ішсеңіз де керемет көмектеседі.


Пневмония – аса қауіпті дерт. Сондықтан да оны уақытында емдеуге тырысыңыз. Үнемі дәрігердің бақылауында болыңыз. Әрі ұсынылған ем-шараларын жүйелі жүргізіңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: zen.yandex.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына БЕС сусын НЕСЕП жолдарын емдейді


Аяқ-қолдың ҰЮЫ қандай ҚАУІПТЕН хабар береді?


ЕСІНЕУ қандай ҚАУІПТІ аурудың БЕЛГІСІ екенін білесіз бе?