​Шаншу қадалғанда не істеу керек?

0
40 220

Шаншу - сіз елемейтіндей, мән бермейтіндей ауру емес. Шаншуды уақытында жазбасаңыз, асқынып кетуі мүмкін.


​Шаншу қадалғанда не істеу керек?

сурет: healthwholeness.com

Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ. Бала кезімізде әжелеріміз пештің жанындағы көсеуді темірге ұрғылап алып, қадалған шаншуды түйрейтін. Сенім бе әлде ем бе, әп-сәтте жазылып шыға келетінбіз.


сурет: mtvuutiset.fi

Шаншу қадалған тұсты көтере алмай, тіпті дем жетпей қиналатынымыз жасырын емес. Мұндай жағдайда дәрігерлер қыздыратын жақпамай беріп, 5-7 күнге ем жазып береді. Негізінде жатып алып жағдайын жасайтын ауру емес. Әрине қалжыңдауға да болмайды. Бірақ өз бетіңізше ем-дом жасап, 1-2 сағат шамасында айығып кете аласыз. Сонымен салқындап қалған адамның арқасына шаншу қадалып, мазасын алып жатса, сіз де қарап тұрмай алдымен ырымын жасаңыз. Оны жоғарыда айтып өттік.

Ендігі кезекте үй жағдайында жасалатын ем жолдарын ұсынамыз.

сурет: goodfon.ru

  • Сұйық демделген 1 шыны шайға 1 шай қасық бал араластырып, ішкізіңіз. Жылы орап жатқызып қойсаңыз, бір терлегеннен-ақ аттай болады.
  • Бұл кезде аяғына, табанына аздаған көлемде қыша немесе бұрыш сеуіп, уқалаңыз. Бұл ем табаныңызды қыздырып, суықты алады.
  • Ас бөлмеңіздегі картоп пен ақжелкенді үккіштен өткізіп араластырыңыз. Оған бал қосып, мұқият араластыру керек. Дайын болған езбені шаншу қадалған тұсқа таңып қойсаңыз, түйін жазылып, ауырғаны басылады. Ем кезінде жылы оранып жатыңыз немесе жылы киініп алыңыз.
  • Кез келген өсімдік майын қыздырып, шаншу қадалған жерге жай қимылмен жағып, уқаласаңыз да керемет ем болады.
  • Шаншу қадалған жерге қыздырылған тұз бассаңыз да көмегі тиеді.

Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


Аяқтан өткен суықты ыстық картоп емдейді


Ішімдік ішкендерге "бас жазатын" 10 әдіс