​ШАШЫРАТҚЫ көздің КӨРУ қабілетін жақсартады

0
6 060

Емді 1 рет қабылдайсыз


​ШАШЫРАТҚЫ көздің КӨРУ қабілетін жақсартады

фото: keywordbasket.com

Көзіңіздің көру қабілеті жыл сайын нашарлап бара жатса, онда бүгін күтім жасауды бастаңыз. Өйткені жарығыңыздан айырылсаңыз жағдайыңыздың қаншалықты ауыр болатынын білесіз. Ендеше, көзге келер қауіптің алдын алу үшін көз дәрігеріне тексеріліп, ем-шараларын жүргізіңіз. Бүгінде көз жанарын жақсартатын, суқараңғылықтан сақтайтын түрлі дәрілер мен тамшылар бар. Ал егер көру қабілетіңіз нашарлай бастаса, онда үй жағдайында мына әдісті қолданып көріңіз.


СУ емі

1. Орындыққа жайғасып отырып алыңыз. Алдыңыздағы столға екі бірдей ыдыс қоясыз. Біреуіне қайнауы басылған ыстық су, екіншісіне салқын су құясыз. Енді көзіңізді жұмып суға жақындайсыз да, екі ыдысқа кезек-кезек қарайсыз. Бұл әдісті бірнеше секунд жалғастыру керек. Бұл емдік жаттығуды таңертең 2-3 минут жасасаңыз жеткілікті

2. Су емінің екінші әдісі. 8 рет қабатталған 2 дана шағын матаны аласыз. Біреуін ыстық суға, екіншісін салқын суға малу керек. Бірінші ыстық судағы матаны алып, көзіңізге басыңыз. 2 минуттан соң салқын судағы матамен ауыстырыңыз. Бұл емді де 3-5 рет қайталау керек.

Көздің көру қабілетін жақсарту үшін жеміс пен көкөністен дайындалған шырындарды үзбей ішіңіз. Керемет пайдасы мен оң нәтижесін көп ұзамай көресіз.


ҚАРАЖИДЕК шырыны

Қаражидектің көздің дәрісі екенін ежелден белгілі. Халық емшілері оның жапырағынан дайындалған тұнбаны көзге тамызып, көз ауруларын емдеген көрінеді. Ал көру қабілетін жақсарту үшін 5-6 дана балғын немесе мұздатылған жидекті қабатталған дәкеге салып жақсылап сығасыз. Шыққан шырынға 1:2 көлемінде тазартылған су қосыңыз. Дайын болған емдік шырынды 1-2 амшыдан әр көзіңізге тамызыңыз. Емді күніне 1 рет жүргізесіз. Емделу ұзақтығы – 3-5 күн.

фото: fotostrana.ru


КӨКӨНІС шырыны

Кеңдеу ыдысқа 30 грамнан шашыратқы (цикорий), сәбіз, ақжелкен, балдыркөк шырындарын араластырыңыз. Құрамдас көкөніс шырынын күніне 1 рет ішіңіз. Бұл көздің жанарын жақсартып, қырағы болуына ықпал етеді.


ТҰТ ағашының тұнбасы

1 шай қасық ұнтақталған тұт ағашын 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 40 минуттан соң тұндырылған тұнбаны сүзіп алыңыз. Оған қабатталған дәкені малып алып, көзіңізге басыңыз. Емді күніне бірнеше рет жүргізу керек. Емделу мерзімі – 30 минут.


АЛОЭ шырыны мен БАЛ

200 гр. ұнтақталған алоэ жапырағына 50 гр. көздәрі (очанка) жапырағы мен 50 гр. кекірені (василек) араластырасыз. Оның үстіне 0,6 литр қызыл шарап пен 0,6 литр бал қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоймалжыңды қою түсті ыдысқа құйып, күн тимейтін жерге қоясыз. Шамамен 3 күннен соң дайын болған емдік тұнбаны ыдысымен ыстық суға салып, жылытасыз. Сосын сүзіп алып, ішіңіз. Емді тамақтанудан 20 минут алдын, 1 шай қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

фото: rutube.ru

АҚЖЕЛКЕН мен БАЛ

1 бума ақжелкен тамырын еттартқыштан өткізіңіз. Оған көлеміне қарай бал мен лимон шырынын араластырасыз. Дайын болған емдік қоспаны тамақтанудан 1 сағат бұрын, 1 ас қасықтан ішіңіз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек.


СӘБІЗ шырыны мен БАЛ

1 стақан сәбіз шырынына 1 шай қасық бал араластырып ішіңіз. Сәбіз шырынын 1 ай бойы үзбей ішетін болсаңыз, көзіңіздің жанары жарқылдап, көру қабілетіңіз жақсарады. Оған қоса, көздеріг тамырларға пайдасын тигізеді әрі көздің сыртық қабығын артық заттан тазалайды.


ӘНІС тұнбасы

1 стақан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған әніс (анис) жапырағын салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, көзіңізді шайыңыз. Бұл да өз кезегінде көзді шаңнан, артық заттан тазалап, көру қабілетін арттырады.


АНАР шырыны мен БАЛ

Отқа күймейтін ыдысқа 1 стақан анар шырынын құйыңыз. Оған 1 шай қасық бал қосып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң қайнатпаны оттан алыңыз. Емдік қаситеі орасан шырынды тамақтан алдын қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


Біз ұсынған қайсы емді қабылдасаңыз да, алғашқы 3 күнде оң нәтижесін береді. егер үзбей 1 айдан асырсаңыз, онда көзіңіздегі көзілдірікпен түбегейлі қоштасатыныңызға сеніңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.

Дереккөз: mgkl.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ИММУНИТЕТІ мықты бала ПНЕВМОНИЯМЕН ауырмайды – дәрігер


Күнге КҮЙГЕН теріні ҚАЛАЙ емдейміз?


БРОККОЛИ есте сақтау ҚАБІЛЕТІН жақсартады