​СІЗДІҢ үйіңізде болуы тиіс 6 түрлі ЕМДІК ШӨП

0
18 125

Бағасы арзан, құндылығы жоғары емдік шөптердің тізбесімен танысып отырыңыз.


​СІЗДІҢ үйіңізде болуы тиіс 6 түрлі ЕМДІК ШӨП

фото: pinoncommunity.com

Емдік шөптердің арасында да өзгелерінен ерекшеленіп тұратындары бар. Бірі, ежелден ем ретінде қолданылса, екіншісі емі жоқ дертке дауа болып даралануда. Фитотерапевт мамандар емдік шөптердің арасынан 6 түрлісін таңдап алып, әрбір үйдің дәріханалық қобдишасынан табылуына кеңес береді. Өйткені, аталған бұл шөптерді әлем мамандары мойындап, бүгінде кеңінен қолданып жүргені дәлелденген.


Түймедақ (ромашка)апигенин заттегіне бай. Ол стреске қарсы күреседі әрі жүйке мен асқазан жолдарының қызметін жақсартады. Ағзаңызды қуаттандырып, ішектің жұмысын жеңілдетеді. Ол үшін күніне кем дегенде 3-4 шыны түймедақ шайын ішіңіз.

фото: fitnessdietu.ru

Емдік шайды дайындау үшін термосқа 2 ас қасық ұнтақталған түймедақты саласыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 10-15 минуттан соң тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде қабылдаңыз.

Түймедақ шайын аллергияға бейім жандарға ішуге болмайтынын ескертеміз.


Шүйгіншөп (валериана) – ұйқысыздық ауруынан айықтыратын бірден-бір емдік өсімдік. Оның құрамында ұйықтататын қоспалар болады. Егер түнгі ұйқыңыз бұзылып, таңға дейін көз ілмей шықсаңыз, онда күнде жатардан алдын 1 стақан қайнатылған суға 2-3 тамшы шүйгіншөп сұйықтығын тамызып, буымен тыныс алыңыз. Сосын төсегіңізге жайланып жатып, тәтті ұйқы құшағына еніңіз.

фото: healfolk.ru

Ал егер қалқанша без, жүйке, сіңірдің тартылуы, жүрек аурулары сыр беріп жүрсе, шүйгіншөп қосылған шай ішуді әдетке айналдырыңыз.

Шайды дайындау үшін: 1 шай қасық ұсақталған шүйгіншөпті 200 мл қайнаған суға салып демдейсіз. Шамамен 4 сағаттан соң шайды сүзіп алып, ішіңіз.


Жалбыздың (мята) құрамындағы ментол асқазан жолдары мен ұйқы безін емдейді әрі жөтелді жұмсартып, қақырықтың сыртқа шығуына ықпал етеді.

Мұндай жеңілдікке ие болу үшін күніне 3-4 рет жалбыз шайын ішіңіз.

Жалбыз шайы тұмауды, вирусты, суықты, тамақ ауруларын емдеуге де таптырмайтын сусын.


Шайқурай (зверобой) – күйзелістен құтқаратын емдік шөп. Сонымен қатар асқазанның қышқылы көбейген кезде де шайқурай шайын ішу ұсынылады. Сонымен қатар суықты емдейді, қанды тоқтатады, иммунитетті нығайтады, ағзаны қуаттандырады әрі жаныңызды тыныштандырады.

фото: nastoytrav.ru

Шайқурай шайын дайындау да әдеттегідей жасалады. 1 литрлік термосқа 2 шай қасық шөпті салып, үстіне қайнаған су құясыз. 20-30 минуттай демделген соң сүзіп алып, ем ретінде қолданасыз.


Адамтамыр (женьшень) – ағзаның қарсыласу күшін арттыратын өсімдік. Бұл емдік шөпті ұзақ уақыт ауырған науқастарға, спортпен айналысатындарға, иммунитеті әлсіз, қаны аз, әлжуаз жандарға ішуге кеңес етіледі. Адамтамыр тұнбасы денсаулықты жақсартады, әлсіздіктен арылтады, есте сақтау қабілетін арттырады.

Бірақ, бұл шайды таңертең ғана ішу керектігін ұмытпаңыз. Өйткені адамтамыр ұйқыны қашыратын қасиетке ие.


Қызылкүрең (эхинацея)суықты, тұмауды, баспаны, тыныс жолдарын емдеуге таптырмайтын шөптесін өсімдік. Тіпті, иммунитетті нығайтатын, ағзаны вирус пен бактериядан қорғайтын қасиеті де дәлелденген. Сондықтан да дәрігерлер вирустық ауруларға шалдыққандарға қызылкүрең шайын ішуге кеңес береді.

фото: magicworld.su

Өзіңізді жайсыз сезіне бастасаңыз немесе жоғарыда келтірген аурулар сыр бере бастаса, дереу қызылкүрең шөбін қайнатып ішіңіз. Қаншалықты ертерек бастасаңыз, аурудың алдын алатыныңызға сеніңіз. Емделу мерзімі – 8-10 күн аралығында жүргізіледі.


Міне, ардақты оқырман, аты аталған алты шөп үйіңізде болса, ауру сізден айналып өтеді.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Аударған: Ләззат АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ.


Тағы оқыңыз:


ЗАТ АЛМАСУ бұзылса МЫНА аурулар белең алады


СУ ағзадағы АУРУЛАРДЫ "жуады"