​Сізге МЫНА емдік ШӨПТЕРДІ қолдануға БОЛМАЙДЫ

0
3 612

АНАҢЫЗДЫҢ, ӘПКЕҢІЗДІҢ немесе ҚҰРБЫҢЫЗДЫҢ демдеген ШАЙЫН ішпеңіз. Ол СІЗГЕ өте ЗИЯН болуы мүмкін


​Сізге МЫНА емдік ШӨПТЕРДІ қолдануға БОЛМАЙДЫ

фото: YouTube

«Мына шөптен дайындалған шай маған жақсы көмектесті. Осы шайды ішкелі бері асқазаным жеңілдеп, ішектің жұмысы жақсарды. Үлкен дәретке уақытылы барамын әрі ұйқым да сергек бола бастады. Мүмкін сен де ішіп көрерсің. Сенің де дертің менікіндей ғой» деген құрбым қолындағы шайды маған ұсынды. Мұны естіген терапевт әпкем шайды ішуіме үзілді-кесілді тыйым салды.

Айтуына қарағанда дәріханада сатылып жатқан емдік шөптердің дәрі бірдей ем емес екен. Олардың әрқайсысының кемі бір ауруға зиян дейді. Содан интернет беттерін парақтасам, мынадай мәліметтер тауып алдым. Мүмкін сізге де қажет болар деген оймен осында жарияладым.


фото: diz-cafe.com

  • Батпақты андыз (аир болотный) – асқазанында гастрит барларға болмайды;
  • Итжүзім (арония) – асқазанында және он екі елі ішекте жарасы барларға, қан қысымы төмендерге зиян;
  • Бөріқарақат (барбарис) – тұнбасын климакс кезінде жүктілік мерзімінде қолдануға болмайды;
  • Ақ қайың (береза белая) тұнбасы – бүйрегі ауыратындарға зиян;
  • Құмдық салаубас (бессмертник песчаный) – қан қысымы төмендерге өте зиян;
  • Киікоты (душица) – жүкті әйелдерге қолдануға болмайды;
  • Түйежоңышқа (донник) – басы ауыратындарға, басы айналатындарға қолдануға болмайды. Түйежоңышқа тұнбасы жүрегіңізді айнытып, құстырады;
  • Шайқурай (зверобой) – қан қысымы төмендегенде, қызуы көтерілгенде ем болмайды;
  • Сермене (лимонник) – гипертониялық ауруларда, ұйқының бұзылуында қолдануға болмайды;
  • Арша (можжевельник) – бүйрегі ауыратындарға өте зиян. Сонымен қатар, несеп жолдары дұрыс жұмыс істемейтіндерге қолдануға болмайды;
  • Жолжелкен – (подорожник) – гастриті барларға зиян;
  • Рауғаш (ревень) – асқазан-ішек жолдары ауыратындарға, жүкті әйелдерге қолдануға болмайды;
  • Жебіршөп (тимьян) – жүрегі, асқазаны, басы, бүйрек пен бауыры ауыратындарға қолдануға болмайды;
  • Қырықбуын (хвощ) – бүйрегі ауыратындарға зиян;
  • Қымыздық (щавель) – құяң және бүйрек ауруларын қоздырады.


КӨКӨНІСТІҢ ҚАЙСЫ ТҮРІ ЗИЯН?


фото: 1zoom.me

  • Қышаны бүйрегі ауыртаындарға туберкулездің жеңіл түріне шалдыққандарға жеуге болмайды.
  • Теңіз қырыққабаты – бүйрек, аллергиялық ауруларға зиян Сондай-ақ жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.
  • Пияз – асқазан, бауыр және бүйре ауруларын асқындырады.
  • Сәбіз – өте пайдалы көкөніс. Десе де жүрек ауруларын қоздыруы мүмкін.
  • Ақжелкен – жүкті әйелдерге пайдалы емес. Сонымен қатар бүйрегі және несеп жолдары ауыратындар да абайлағаны жөн.
  • Қызанақ – бүйрек ауруын асқындырады.
  • Сарымсақ – талма ауруына шалдыққандарға, бүйрегі, асқазан-ішек жолдары ауыратындарға қолдануға қатаң түрде тыйым салынады.


ЖЕМІСТІҢ ҚАЙСЫ ТҮРІ ЗИЯН?


фото: Яндекс.Дзен

  • Жүзім – семіздікке бейім жандарға, асқазаны мен он екі елі ішекте жарасы барларға, қант диабетімен ауыратындарға зиян.
  • Алма – асқазанында гастрит немесе жара болса, жеуге болмайды.
  • Бүлдірген мен мүкжидек – асқазан мен он екі елі ішектегі жараның асқынуына септігін тигізеді.
  • Таңқурай – несеп жолдарында тас болса және құяң ауруына шалдыққандарға зиян.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: orion-magic.com


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ащы ШОКОЛАД көздің КӨРУ ҚАБІЛЕТІН жақсартады


Жұқарған ЖҮЙКЕНІ қалпына келтіруге АЛТЫ минут жетеді


ТІЗЕНІҢ төменгі жағындағы НҮКТЕНІ уқаласаңыз БАС ауруынан құтыласыз