​СҮЙЕКТІҢ саулығын жақсартатын 10 АЗЫҚ

0
19 601

ШАЙ мен КОФЕ ағзадағы СҮЙЕККЕ қажетті барлық элементті жояды


​СҮЙЕКТІҢ саулығын жақсартатын 10 АЗЫҚ

фото: treatingpain.com

Сүйектің атқаратын қызметі орасан. Ол зақымдалса, жарақат алса, беріктігін жоғалтса сізді мүгедектікке әкелуі ғажап емес. Сондықтан да сүйектің саулығын жақсартуды бүгіннен бастауымыз керек. Ол үшін қажетті минералдар мен дәрумендерді уақытылы қабылдасаңыз жеткілікті. Сүйектің емі дәріханадан емес, дүкен сөрелерінен де табылады. Дастарханыңыздың ортасынан табылатын мына азықтарды сүйекке ем үшін қабылдасаңыз болғаны.


КЕПТІРІЛГЕН ӨРІК – А, С, Е, К дәрумендері мен кальций, калий, магний, темір элементіне бай. Бұл жеміс шорбуын мен шораяқ ауруын тудыратын ағзадағы артық тұзды сыртқа шығарады. Сонымен қатар, сүйекті нығайтады.

фото: fishki.net

АСҚАБАҚ ДӘНІ – мырыш элементінің қайнар көзі. Ал бұл бағалы элемент сүйектің саулығын нығайтып, иілімділік қасиетін арттырады. Мейлінше дәнді шикі түрінде жеуге кеңес береміз. Тіпті, салатқа қосуға да болады.


БАУЫР – сүйектің саулығы үшін таптырмайтын ем болмақ. Әсіресе, сиыр, тауық және нәлім балығының бауыры сүйекті нығайтады, тістің саулығын арттырады әрі теріні жасартып, шаштың түбін қуаттандырады. Ал нәлім балығының бауырын сүйек сынған кезде жесе, дерттен тез айығуға ықпал етеді. Ем үшін күніне 100 гр. бауыр жесеңіз жеткілікті.


АПЕЛЬСИН – ағзаны инфекциядан қорғайды, иммунитетті көтереді, сүйек пен тістің саулығын жақсартады. Міне көрдіңіз бе, өзі қышқыл жемістің атқаратын қызметі баршылық екен. Егер буын, сүйек, бұлшықет және жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруына шалдығудан қорықсаңыз, күнде кем дегенде 1 дана апельсин жеуге кеңес береміз.

Ал апельсин шырыны сүйек сынғанда таптырмайтын ем екенін біле жүріңіз.

фото: wallbox.ru

ҚҰРМА – фосфорға бай. Оның балғын және кептірілген түрі де жарайды. Саулығыңызды жақсартып, ұзақ өмір сүргіңіз келсе, күніне кем дегенде 10 дана құрма жеңіз. Оның құрамындағы пайдалы заттар сүйек тіндерін нығайтады, тістің эмальін жақсартады. Ал көп көлемдегі А дәрумені шаш пен тырнақтың саулығына жауап береді.


ІНЖІР – кальций, калий және магний элементтерінің қайнар көзі. Сүйектің, тырнақтың, шаш пен тістің саулығын арттырғыңыз келсе, інжір жеуді күнделікті әдетіңізге айналдырыңыз. Інжірдің тосабы, балғын түрі мен кептірілген түрі де өте пайдалы екенін ескеріңіз.


БАЛЫҚ – Д дәруменіне бай. Күн көзіне көп шықпайтындарға арқан, майшабақ, сардина, скумбрия балықтарын жиі жеп тұру керек. Күніне ашқарынға 1 шай қасық балық майын ішу арқылы да сүйектің саулығын жақсартуға болады.


СҮТ ӨНІМДЕРІ

Сүт, творог, табиғи йогурт – кальций элементінің бастау бұлағы болып табылады. Ғалымдар сүтті үзбей ішетіндердің сүйегі ешқашан ауырмайды деген тұжырым жасайды. Сондықтан да адам ағзасы үшін қажетті элементтер мен минералды заттарға бай сүт өнімдерін күнделікті тамақтану мәзіріңізден үзілмеуін қадағалаңыз.

фото: lubimaidacha.mirtesen.ru

ҚЫРЫҚҚАБАТ

Саумалдық, ақбас қырыққабат пен гүлді қырыққабаттың құрамында сүйектің саулығын артыратын К дәрумені бар. Ал ашытылған қырыққабат иммундық жүйені нығайтатын дәрумендердің қайнар көзі болып табылады. Сондықтан да сүйекке, буынға, бұлшықетке қатысты аурулардың алдын алу үшін кез келген түрдегі қырыққабатты жеуді ұсынамыз.


ЖҰМЫРТҚА – Д дәруменіне бай. Ал сарыуызында кальций көп. Сонымен қатар тіс пен қызыл иектің саулығын сақтайтын фосфор элементі де бар. Егер сау тіс пен әдемі күлудің иесі болғыңыз келсе, күнде таңғы асқа 2 дана қайнатылған жұмыртқа жеңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: wday.ru


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: