​СҮЙЕЛШӨП тұнбасы ПСОРИАЗДЫ емдейді

0
5 016

Емнің тамаша нәтижесін 2-3 күннен кейін-ақ көресіз.


​СҮЙЕЛШӨП тұнбасы ПСОРИАЗДЫ емдейді

фото: med-manual.ru

Псориаз – бұл тері ауруы. Оның шығуына көптеген жағдайлар себеп болады. Оны заманауи медицинамен емдейді. Бірақ халық әдісі де тері ауруына ем бола алады. Халық емін қолданудың өзіндік ережесі бар. Сонда ғана ол керемет нәтиже береді.


Сүйелшөп

Сүйелшөп (чистотел) – өте улы өсімдік, өйткені оның құрамында күшті морфин тәрізді алкалоид – хелидонин бар. Сондықтан оны өте сақтықпен пайдалану керек және қайнатпалар мен тұнбаларды дайындау кезінде рецептті қатаң сақтау керек.

  • 1 ас қасық сүйелшөпті 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 15 минуттан соң дайын болған тұнбаны 2 ас қасықтан тамақтан алдын ішесіз. Емді күніне 2 рет қабылдайсыз. Емді үзбей 1 ай бойы жалғастырасыз.
  • 50 гр. кептірілген сүйелшөпті 2 стақан спирттің үстіне саласыз. Жақсылап араластырып, салқын жерге қойыңыз. Тура 2 аптадан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 5 тамшыдан қабылдайсыз. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын жүргізу керек. Емді күніне 3 рет 1 ай бойы қабылдаңыз.
  • 4 ас қасық сүйелшөпті, 3 ас қасық шайқурай (зверобой), 2 ас қасық қырықбуын (хвощ) және 1 ас қасық мыңжапырақ (тысячелистник) шөбін араластырасыз. Емдік шөпті ыдысқа саласыз. Үстіне 2 литр салқын су құйып, отқа қоясыз. 5 минут қайнаған соң сүзіп алып, бетін жауып қойыңыз. Шамамен 12 сағаттан соң дайын болған қайнатпаны жарты стақаннан таңертең ішесіз. Емді ашқарынға қабылдау керек. Емделу мерзімі – 3 ай.

фото: medboli.ru


Бастағы псориазды емдеу үшін

  • 20 гр. балға балаларға арналған сусабынды, жұмыртқаның ақуызын қосыңыз. Жақсылап араластырып алып, басыңызға жағасыз. 15-20 минуттан соң жылы сумен жуу керек. Емді күнде жүргізесіз. Емделу мерзімі – 3-8 апта.
  • 20 гр. қара аюбадам гүлін 500 гр. қайнаған суға саласыз. Ыдыстың бетін жауып, 1,5 сағатқа тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 120 грамнан ішесіз. Емді күнде тамақтан кейін шамамен 1 сағаттан соң қабылдайсыз.
  • 50 грамнан андыз (аин) тамырын, сүйелшөп (чистотел), шайқурай (зверобой), итбүлдірген (брусника), қырықбуын (хвощ) және қара аюбадам (бузина) шөбін араластырасыз. Оның 10 грамын 250 гр. қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішіңіз.


Аяқтағы псориазды емдеу үшін

20 гр. лавр жапырағын ыдысқа салыңыз. Үстіне 400 гр. қайнаған су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Осы уақыттан соң қайнатпаны сүзіп алып, 1/3 стақаннан ішесіз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек. Ем 7 күнге жалғасады. 2 апта үзіліс жасап, нұсқа бойынша қайта жалғастырасыз.

фото: toryal.ru


Шынтақтағы псориазды емдеу үшін

200 гр. шыны банкіге 1 дана жұмыртқаны қабығымен саласыз. Үстіне сірке су құйып, қақпағын жауып қоясыз. Банкіні күн тимейтін салқын жерге қою керек. 1 күннен кейін жұмыртаны алып, қабығын аршисыз. Оған қаздың майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған мазьді шынтағыңызға жағыңыз. 1-2 сағаттан соң мазьді салқын сумен жуып, крем жағып қоясыз. Емді күніне 1 рет жүргізу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: m.ilive.com.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СІҢІРДІҢ ТАРТЫЛУЫ қандай ДЕРТТЕН дерек береді?


АҒЗАДАҒЫ артық СУДЫ шығарудың АЛТЫ жолы


Ағзаны ШЛАКТАН қалай ТАЗАЛАУДЫ білесіз бе?