​СҰЛЫ қайнатпасы қандағы ҚАНТТЫҢ мөлшерін түсіреді

0
12 168

Қайнатпаны дайындау кезінде қателікке жол бермеңіз!


​СҰЛЫ қайнатпасы қандағы ҚАНТТЫҢ мөлшерін түсіреді

фото: mc-profi.ru

Қант диабеті – ерекше күтім мен қатаң тамақтану тәртібін талап ететін ауру. Адам ағзасындағы қант деңгейі өз мөлшерінен асып кетсе, адам қант диабеті ауруына шалдығады. Мамандар бұл аурудан түбегейлі айығу мүмкін емес. Десе де, тыйым салынған тағамдарды шектеп, саулығына мұқият болса, зардабын көп тартпайды дегенді айтады.

Ал халықтық емдеу әдісі қандағы қанттың деңгейін дәрісіз де өз қалпында ұстауға болатынына сендіреді. Ауруына ем іздеген кез келген науқас түрлі емді байқап көретіні жасырын емес. Ендеше, ешқандай дәрілік қоспасы жоқ мына емді қолдану арқылы қанттың деңгейін қалпында ұстаңыз.


СҰЛЫ ҚАЙНАТПАСЫ

Жарты стақан сұлы жармасын ыдысқа саласыз. Үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіп, 15 минут қайнатасыз. Сосын оттан алып, ыдыстың қақпағын жауып қойыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң қайнатпаны сүзіп алып, 100-150 мл ішесіз. Емді тамақтанудан алдын жүргізіңіз.


ЗЫҒЫР ДӘНІ

1 ас қасық үгітілген дәнді 1 стақан қайнаған суға салып, қақпағын мықтап жабасыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаға жарты дана лимонның шырынын қосыңыз.

Емдік тұнбаны сүзудың қажеті жоқ. Осы күйінде тамақтанудан 2 сағат бұрын ішесіз.

фото: cookit.guru

ҚАРАҚҰМЫҚ ЖАРМАСЫ

2 ас қасық үгітілген жарманы 1 стақан кефирге салып, бір түнге қалдырасыз. Таңертең ашқарынға ішесіз. Содан кейін таңғы ас ішу керек.


ПИЯЗ ШЫРЫНЫ

1 дана пияздың қабығын аршып, қабатталған дәкенің көмегімен сүзіп аласыз. Емдік сусынды 1-2 ас қасықтан тамақтан алдын қабылдайсыз.


ШАШЫРАТҚЫ

1 шай қасық шашыратқыны (цикорий) 100 мл қайнаған суға салып, жарты сағаттай тұндырып қоясыз. Дайын болған емдік тұнбаны тәулігіне 3-4 рет ішіңіз.


ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ

Грек жаңғағының 50 гр. кептірілген жұқа қабығына 1,5 стақан қайнаған су құйып, отқа қоясыз. 1 сағат бойы баяу отта қайнау керек. Белгіленген уақыттан соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді тамақтанудан 10 минут бұрын жүргізу керек.


АҚЖЕЛКЕК ТАМЫРЫ

Өсімдікті үккіштен өткізесіз. Оның 2 ас қасығын 1 стақан кефирге немесе кілегейге араластырып, ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан алдын жүргізу керек.

фото: o-flora.com


ЛАВР ЖАПЫРАҒЫ

8 дана лавр жапырағын жақсылап жуып, термосқа саласыз. Үстіне 250 мл қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Бір тәуліктен соң тұнбаны сүзіп алып, 60 мл-ден ішесіз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдаңыз. Емделу мерзімі – 5 күн.


БАҚБАҚ ТАМЫРЫ

1 ас қасық ұнтақталған бақбақ тамырын термосқа саласыз. Үстіне жарты литр қайнаған су құйып, қақпағын жабыңыз. Шамамен 2 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, теңдей етіп 3-ке бөліңіз. Әр бөлікті әр тамақтанудан 20 минут алдын ішесіз.


ТҮЙЕЖАПЫРАҚ ТАМЫРЫ

1 ас қасық ұнтақталған түйежапырақ тамырын 1 стақан қайнаған суға салып, араластырасыз. Оны шағын ыдысқа құйып, отқа қойыңыз. 10 минуттай баяу отта қайнау керек. Осы уақыт өткен соң оттан алып бетін жауып қойыңыз. Шамамен жарты сағаттай тұндырылған қайнатпаны сүзіп алып, 20 мл-ден ішесіз. Емді таңғы, түскі және кешкі астың алдында қабылдау керек.


Қанды түсіретін сусындар да бар

Түрлі тұнбалардан бөлек жеміс-жидектің, көкөністің шырындары да қанттың деңгейін реттеуге қабілетті. Нақтырақ айтқанда:

  • көк шай мен каркаде;
  • жөке шайы немесе қайнатпасы;
  • долана мен итмұрын қайнатпасы;
  • қызанақ, кәді, картоп және асқабақ шырындары. Бұл сусындарды мейлінше балғын күйінде күніне 2 рет 1 стақаннан ішкеніңіз дұрыс.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: apkhleb.ru


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаңыздың ИММУНИТЕТІН көтеретін СЕГІЗ әдіс


СТРЕСТЕН мына ТОҒЫЗ түрлі АУРУ пайда болады


АВИТАМИНОЗДЫҢ маңызды ТОҒЫЗ белгісі