Бұл тәсілдерді үзбей қолданған жағдайда, аллергиядан түбегейлі айығуға болады.
фото: stayathomemum.com.au
Аллергияға бейім жандардың басым көпшілігі тағамдардан зардап шегеді. Әсіресе, бал, балық, жұмыртқа, теңіз өнімдері, бұршақты өнімдер, жаңғақ, цитрусты жемістер, шоколад, қаймағы алынбаған сүт пен консервіленген тағамдар аллергия тудырады. Аллергия кезінде ерін ісінеді, жүрек айниды, құсу мазалайды, асқазан ауырады, іш өтіп, дене қышиды. Кейбіреулерде мұрнынан су ағып, жөтел мазалайтын кездер кездеседі.
Мұндай кезде халық еміне жүгінсеңіз оң нәтижеге көз жеткізесіз.
Ем кезінде аллергия тудыратын тағамдарды үзілді-кесілді шектеңіз. Үй жағдайында итошаған тұнбасын, жұмыртқаның қабығын және кебекті ем ретінде қолданыңыз.
1-тәсіл
20 гр. кептірілген итошаған (череда) шөбін 250 мл қайнаған суға салыңыз. Тұнбаны ыдысымен ыстық суға салып, 10 минут бұлау жасайсыз. Белгіленген уақыттан соң ыдысты судан шығарыңыз. 1 сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты сатақанна күніне 3 рет ішіңіз.
Итошаған қанды тазалайды әрі аллергиямен күреседі.
2-тәсіл
1 дана жұмыртқаны тазалап жуып, қайнатасыз. Піскен соң қабығынан сылып алып, ішкі жұқа қабатынан арылтасыз. Жақсылап кепкен қабықты кофеұнтақтағышпен немесе пышықтың көмегімен жақсылап ұнтақтайсыз. Ұнтақты лимон шырынымен араластырып, жарты шай қасықтан таңертең ашқарынға жейсіз.
Жұмыртқаның қабығы - кальций элементінің қайнар көзі болып табылады. Ағзаға тез сіңіп, оңай қорытылады, аллергиядан арылтады әрі суыққа қарсы күресуге күш береді.
Құрамындағы С дәрумені қаназдықты болдырмайды.
3-тәсіл
Егер денеңіз қызарып бөртсе, қышып мазаласа, онда емдік бұлау қабылдаңыз. Ол үшін қалақай (крапива), жусан (полынь), түйежапырақ (лопуха), қайың жапырағы мен бақбақ (одуванчик) шөптерін ваннадағы суға саласыз. Бұл су денеңізді тыныштандырып, теріңізді сергітеді.
Ал осы шөптерден дайындалған тұнбаны ішсеңіз, тағамнан болған аллергияны емдейді.
4-тәсіл
Кебектің де аллергиямен күресетін қасиеті орасан. Ол үшін таңертең ашқарынға 1 ас қасық кебек жейсіз. Қайнаған суға демдеп ішсеңіз де болады. Емді қабылдағаннан кейін бірнеше минутта аллергиядан пайда болған жағымсыз жайттардан құтыласыз. Мұрныңыздан су тоқтайды, көздің жасаурауы, терідегі бөрту мен қышу сияқты әсерлер басылады.
Кебек тұнбасы - ағзадағы артық заттарды сыртқа шығарады және ішектің жұмысын жақсартады.
5-тәсіл
2 ас қасық кептірілген қалақайды 1 литр қайнаған суға салып, демдейсіз. Шамамен жарты сағаттай тұндырып қою керек. Осы уақыт өткен соң тұнбаны сүзіп алып, күніне 3 рет жарты стақаннан ішесіз.
Емді үзбей 3 апта жалғастырсаңыз, аллергиядан түбегейлі айығасыз.
Ләззат АХМЕТОВА,
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Циститті аскөк тұнбасымен емдеуге болады