​ТАМАҚ ауруы БІР КҮНДЕ жазылады

0
27 932

Ол үшін мына ТҰНБАНЫ дайындайсыз әрі БІР-АҚ рет қолданасыз


​ТАМАҚ ауруы БІР КҮНДЕ жазылады

фото: zdoroya.gorsad.com.ua

Ауа-райының құбылмалылығы адамның денсаулығына кері әсер ететіні белгілі. Иммунитетіңіз қаншалықты мықты болса да тұмауға төтеп беру мүмкін емес. Қызуыңыз көтеріліп, денеңіз дірілдемесе де, тамағыңыз жыбырлап, ауырғанын сездіреді. Тұмаудан жеңіліп, төсекке таңылып қалғыңыз келмесе, мына тұнбаны даярлаңыз. Онымен тамағыңызды 1-ақ рет шайсаңыз жетіп жатыр.


Тұнба үшін:

фото: twitter.com

  • 2-3 тал қырмызыгүл (календула)
  • 1 шай қасық сәлбен (шалфей) шөбі
  • 1 стақан қайнаған су керек.


Дайындалуы:

Кептірілген қырмызыгүл мен сәлбенді ұсақтайсыз. Эмаль ыдысқа 1 стақан қайнаған су құйып, отқа қойыңыз. Қайнап тұрған суға белгіленген мөлшердегі емдік шөпті салып, қайнату керек. 2-3 минуттан соң отты өшіріп, ыдыстың бетін жауып қойыңыз. Бөлме температурасында жылыған соң тұнбаны сүзіп алып, стақандағы емдік сұйықтық таусылғанша тамығыңызды шаясыз.

Нәтижесінде тамақтың жыбырлағаны, қышығаны, қарлыққаны басылады. Өзіңізді жеңіл сезінесіз. Бұл әдісті өздігінен тамағын шая алатын кішкентайларға да қолдануға болады.


Қосымша мына ережені орындасаңыз артық етпейді:

фото: twitter.com

  1. Тамақтың ауруы – тұмаудың алғашқы белгілері. Сондықтан да мейлінше сыртқа шықпауға тырысыңыз. Жоғарыдағы әдісті қолданып алып, жылы оранып жатыңыз.
  2. Құрамында С дәрумені бар жемістер мен көкөністерді көбірек жеңіз.
  3. Майлы, тұзды тағамдардың орнына тауық етінен қайнатпа сорпа, күріш қосылған майсыз сорпа ішуге болады. Боржоми суын жылытып ішіңіз.
  4. Мұрынды, тамақты тұз бен йод араласқан сумен, фурацилин ерітіндісімен шайыңыз.
  5. Аяғыңызға жылытқыш қойып, 30-40 минуттай жылы оранып жатасыз.
  6. Емдік шөптердің тұбасымен ингалация жасаңыз. Ингалация жасауға арнайы аппаратыңыз болмаса, мына қарапайым әдісті қолданыңыз.


Ингалация үшін:

фото: mykorus.ru

Эмаль ыдысқа 2 стақан су құясыз. Оған 2 ас қасық кептірілген түймедақ (ромашка), шайқурай (зверобой), эвкалипт, өгейшөп (мать-и-мачеха), киікоты (душица), лаванда, жебіршөп (чабрец) өсімдіктерін ұнтақтап саласыз. Қайнауға дейін жеткен кезде отын өшіріп, қақпағын жауып қоясыз. Қайнауы басылған кезде кастрөлді үстелдің үстіне қойыңыз. Басыңызды ыдысқа жақындатып, орамалмен немесе сүлгімен орайсыз. Осылайша 15 минуттай ыстық ауаны ішке жұтасыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: mgorod.kz


Аударған: Л.АХМЕТОВА,

Тағы оқыңыз: