​ТІС ауруын ДӘРІСІЗ емдеуге болады

0
40 037

Ол үшін сізге ҚАРА БҰРЫШ пен ТҰЗ керек


​ТІС ауруын ДӘРІСІЗ емдеуге болады

фото: autogear.ru

Елімізде болып жатқан жайсыздықтарға байланысты барлық мекемелер карантинге жабылған. Тіпті, емханалар мен түрлі саладағы медициналық орталықтар да науқас қабылдай алмайды. Алайда үрей туғызатын індет жайлады екен деп тіс, іш, жыныс жолдарындағы ауру күтіп тұрмайды. Ол да өз кезегінде сыр беруі мүмкін. Бірақ, бұл ауруларды емдеу үшін арнайы маманнан онлайн кеңес алуға болады. Егер сізде ондай мүмкіндік жоқ болса, онда халықтық жолмен дертіңізге дауа таба аласыз.

Ендеше, бүгінгі мақаламызға «ТІС ауруын ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА қалай ЕМДЕУГЕ болады? деген тақырыпты арқау етеміз. Қажет деп тапсаңыз, қойын дәптеріңізге түртіп алыңыз.


Тіс ауруына:

  • тісжегі;
  • зақымдалған эмаль;
  • тіс жегісінің суықтауы;
  • пломбаның кенеттен түсіп қалуы себеп болады.


Мұның алдын алу үшін:

  • шөптермен шаясыз;
  • компресс жасайсыз;
  • массаж көмектеседі.


ТІС ауруына ЕМ болатын ТҰНБАНЫ қалай дайындаймыз?

фото: autogear.ru

СӘЛБЕН тұнбасы – бактерияға қарсы күреседі әрі суықты емдейді. Оны дайындау үшін 1 стақан ыстық суға 3 ас қасық сәлбен (шалфей) шөбін салып, тұндырасыз. Бөлме температурасында жылыған кезде тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын шаясыз. Емді күніне 3-4 рет қайталауға болады.


ЕМЕН ҚАБЫҒЫНЫҢ қайнатпасы – қабынуға ем болады. Ол үшін 200 мл суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң 2 ас қасық үгілген емен қабығын салып, 20 минут қайнатыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған емдік тұнбаны сүзіп алып, жылы күйінде аузыңызды шайыңыз.


ТҮЙМЕДАҚ қайнатпасы – қызыл иектің қабынуын емдейді әрі қанауын тоқтатады. Қайнатпаны дайындауға 1 стақан су мен 3 ас қасық түймедақ шөбі керек. Эмаль ыдысқа суды құйып, отқа қоясыз. Қайнап шыққан соң шөпті салып, 5-7 минуттай қайнатасыз. Сосын ыдысты оттан алып, қақпағын жабыңыз. Бөлме температурасында жылыған кезде қайнатпаны сүзіп алыңыз. Емдік қасиетін арттырғыңыз келсе аздап бал қосуға болады.


ЖАУЖАПЫРАҚ қайнатпасы – ауыздағы жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін 300 мл суды ыдысқа құйып, отқа қоясыз. Қайнаған суға 4 ас қасық жаужапырақ (мелисса) шөбін салып, тағы да 5-10 минуттай қайнатасыз. Көрсетілген уақыттан соң ыдысты оттан алып, қақпағын мықтап жабыңыз. Шамамен 3-4 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ауыз қуысын мұқият шаясыз.


ТҰЗ бен СОДА – тіс ауруын қойдырады әрі қызыл иектің ісігін басады. Емдік қасиеті мол бұл азықты қалай қолданамыз. Ол үшін 2-3 шай қасық тұзды немесе соданы 1 стақан ыстық суға саласыз. Жақсылап араластырып алып, ауыз қуысын шайыңыз. Бұл әдіс сізге өте жедел көмектеседі.


ТІС ауруына КОМПРЕСС керемет КӨМЕКТЕСЕДІ

фото: jordin.ru

САРЫМСАҚ немесе ПИЯЗ

Екі түрлі көкөністің бірін таңдап алып, жақсылап езіңіз. Дайын болған ботқаны ауырған тісіңізге қойсаңыз, 10-15 минутта тістің ауырғаны басылып, жаныңыз тынышталады.


СІРКЕ СУЫ

Жұмсақ матаны немесе мақтаны алма сіркесуына малып алып, зақымдалған тісіңізге қоясыз. Бұл да өз кезегінде ауруды басып, сізді жайсыздықтан құтқарады.


КАРТОП

Қабығынан тазартылған картопты майда үккіштен өткізесіз. Оған тұз араластырып, ауырған тіске басасыз. Оң нәтижесін аз уақыт өтпей-ақ көретініңізге сенімді болыңыз.


ТҰЗ бен ҚАРА БҰРЫШ

Ылғалды мақтаға тұз бен қара бұрыш сеуіп, ауырған тіске қойыңыз. Бұл керемет әдіс өз пайдасын тигізіп, әп-сәтте-ақ тіс ауруын емдеп жазады.


ЕСКЕРІҢІЗ!

фото: prostuda.feedjc.org

Компресс қатты ыстық немесе тым мұздай болмау керек. Сондай-ақ ҰРТЫҢЫЗҒА мұздай не ыстық басуға БОЛМАЙДЫ.


Халық емі дертіңізге толық нүкте қояды деп айта алмаймыз. Оның пайдасы уақытша ғана екенін естен шығармаңыз. Мүмкін 1 ай немесе 3-6 айға дейін тіс ауруын ұмыттыратын шығар. Алайда мүмкіндік болып жатса арнайы дәрігерге тексерілгеніңіз жөн.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Дереккөз: nur.kz.


Аударған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына АЛТЫ дәрумен ИММУНИТЕТТІ көтереді


ТІЗЕНІҢ қақсап ауырғанын БІР КҮНДЕ емдеуге болады


Қауіпті ВИРУСТАН қорғану үшін МЫНА азық-түлікті көбірек пайдаланыңыз