Тұз - көптеген дертті "тұншықтырады"

0
8 091

Күнделiктi қолданыстағы тұз тағамның дәмiн кiргiзiп қана қоймайды, сонымен қатар кейбiр аурулардан да айықтырып, жараны жазатын қасиетке ие. Тұздың көмегiмен ендi ғана бастау алып келе жатқан аурулармен күресе аласыз.


Тұз - көптеген дертті

фото: vse-sekrety.com

Күнделiктi қолданыстағы тұз тағамның дәмiн кiргiзiп қана қоймайды, сонымен қатар кейбiр аурулардан да айықтырып, жараны жазатын қасиетке ие. Тұздың көмегiмен ендi ғана бастау алып келе жатқан аурулармен күресе аласыз. Сонымен:

  • Тұмау вирусты аурулар тобына жатады. Сондықтан да бұл дерттi асқындырып алмай, дер кезiнде ем жасаңыз. Тұмауды тұз таңғышы да тұншықтырады екен. Ол үшiн дәкенi тұзды суға малып алып, тамағыңызды орайсыз. Сонда тыныс алу жолдарын ашып, өкпедегі қақырықты түсiредi.
  • Дәкенi тұзды суға малып алып, маңдайыңыз бен мойныңызға қойыңыз. Сонда тұз таңғышы бас ауруын алып, жеңiлдегенiңiздi сезесiз.
  • Iрiңдi жараларға қолдануға болады. Ол үшiн қайнатылған суға тұзды салып ерiтiңiз. Тұзды су үй температурасында салқындаған кезде шүберектi малып алып, жараға таңасыз. 2-3 сағаттан соң шүберектi алып, дәкемен құрғатып сүртесiз. Осылайша емдi 2-3 қайтара жасасаңыз, жараңыздан тез арада-ақ жазылатыныңызға сенiңiз.
  • Бiрақ, хирургиялық жараларға пайдаланудан алдын дәрiгерiңiзбен кеңескенiңiз жөн.
  • Соқырiшекке жасалған отадан соң тұздың көмегi орасан зор болады. Ол үшiн тұзды суға малынған шүберектi тiгiстiң айналасына қоясыз. Сонда тұзды таңғыш тiгiстiң айналасындағы iсiктi кетiрiп, жараның тез жазылуына ықпал етедi әрi iрiңдеуге жол бермейдi.
  • Тұз таңғышы буын аурулары мен буын iсiгiн емдейдi.
  • Бұрынғы кезде тұзбен жүйке ауруларын емдеген көрiнедi. Дәкенi тұзды суға малып алып, адамның биологиялық белсендi нүктелерiне қояды екен. Бұл ем орталық және шеткi жүйке жүйесiнiң аурғанын басып, тыныштандырады.
  • Тұз таңғышымен терең күймеген жараларды жазуға болады. Суға аздап тұз салыңыз да, дәкенi малып алыңыз. Сөйтiп оны күйген терiге қоясыз. Сонда ол бұзылған ұлпаларды қайта қалпына келтiрiп, iсiктi басады әрi аурудан айықтырады.
  • Құяң (сегiзкөздiң ауыруы) ауруларына дәрiмен қоса, тұз таңғышын да байқап көрiңiз. Ол үшiн тұзды суға малынған дәкенi ауырған жерге таңып, сыртынан жылы орайсыз. Әсiресе омыртқа айналасын жылы ұстаңыз.
  • Сарып ауруын да тұз таңғышының көмегiмен емдеуге болады. Ол үшiн тұзды суға салынған дәкенi ауырған жерлерге қоясыз. Бұл таңғыш буынның iсiгiн алып, клеткалардағы артық суларды шығарады.
  • Денеңiздiң зақым алған немесе жарақаттанған жерлерiне тұз таңғышын байлаңыз. Сонда ауырғаны басылып, аз күнде-ақ жараның орны жоғалады.

Тұз таңғышын қолданатын кезде:

1. Тұз ерiтiндiсiн тек қана таңғыш ретiнде қолданыңыз. Өздiгiңiзше компресс жасап ауруды асқындырып алмаңыз. Таңғышты ауа өткiзетiн матадан жасайсыз.

2. Ерiтiндiнi дайындау үшiн (балаларға) 250 мл суға 2 шай қасық тұз саласыз, ал ересектерге жасау үшiн 2 ас қасық тұзды 200 мл суға ерiтесiз.

3. Емдi жүргiзетiннiң алдында денеңiздi жылы сабынды сумен жуып алыңыз. Жылы душ қабылдасаңыз да артықтық етпейдi. Сосын тұз сумен шайынып, денеңiздi құрғатып сүртiңiз.

Ләззат Ахметова,

ERNUR. KZ