​ТЫНЫС алуыңыз қиындаса КОФЕ ішіңіз

0
6 892

Емді қашан, қалай жүргізу керектігі төменде жазылған


​ТЫНЫС алуыңыз қиындаса КОФЕ ішіңіз

фото: komotoz.ru

Егер сіздің тыныс алуыңыз нашарлап, дем жетпей қиналып жүрген болсаңыз, ол түрлі дерттің белгісі болуы мүмкін. Одан бөлек, тамаққа тәбетіңіз жоғалып, бойыңызды әлсіздік билесе, уақыт жоғалтпай дәрігерге қаралыңыз. Қажетті сараптама жасатып, ем қабылдаңыз. Нақты ауруыңыз айқындалған соң дәрі ішіп, ине салдырып дерттен құтыласыз. Сонда да тынысыңыз тарылып, тәтті ұйқыңыз бұзылса, онда мына халық емін байқап көріңіз.


КОФЕ

Түнде жататын кезде 1 шыны аяқ кофе ішіңіз. Құрамындағы кофеин ентігуді басып, тыныс алуңызды жеңілдетеді.


ЗІМБІР

Балғын зімбірді (имбирь) ыстық суға салып ішіңіз. Бұл да ентігуді басып, тынысыңызды ашады.


МҮКЖИДЕК

5 ас қасық мүужидекті (клюква) 0,5 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Тұнба салқындаған кезде сүзіп аласыз. Емдік сусынға 1-2 шай қасық бал қосып, ішіңіз.

фото: gipertonikum.ru

КАРТОП

Картоп өскіндерін (проростки картофеля) тазалап жуып, еттартқыштан өткізіңіз. Езбеге сондай көлемде арақ құйып, бетін жауып қоясыз. Ыдысты күн тимейтін жерге қоюды ұмытпаңыз. 10 күннен соң дайын болған емдік қоспаны 1-3 шай қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет жүргізіңіз.


ЗӘЙТҮН МАЙЫ

1 стақан зәйтүн майы мен 1 стақан таза арақты араластырыңыз. Емдік сусынды теңдей үшке бөліп, күні бойы ішіңіз. Емді 1 айға дейін жалғастыруға болады.


ЛИМОН

5 дана лимон мен 5 бас сарымсақты еттартқыштан өткізіңіз. Езбеге 0,5 литр таза бал араластырып, шыны ыдысқа құйыңыз. Қақпағын мықтап жауып, күн тимейтін жерге қоясыз. Тура 7 күннен соң дайын болған емдік қоспаны 4 шай қасықтан күніне 2-3 рет қабылдаңыз.

фото: wday.ru


СӘЛБЕН

1 шай қасықтан қарағай бүршігін (почек сосны), сәлбен жапырағын (шалфей) және қызылмия тамырын (солодка) араластырыңыз. Оны 500 мл қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Бірнеше сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, 2 ас қасықтан қабылдайсыз. Емді күніне 4-6 рет жүргізіңіз.


ЛАВАНДА

Тыныс алуыңызды жақсарту үшін лаванда гүлінің көмегіне жүгінсеңіз болады. Емдік сусынды дайындау үшін 2 шай қасық лаванда гүлін 1 стақан қайнаған суға саласыз. Салқындаған тұнбаны сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Оған бал араластырып, күніне бірнеше рет ішіңіз.


ЖАЛБЫЗ

Бірдей көлемде жалбыз (мята) бен жаужапырақ (мелисса) шөбін араластырыңыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 30 минуттан соң емдік тұнбаны сүзіп алып, күніне бірнеше рет ішіңіз.


ЖОЛЖЕЛКЕН

2 шай қасық қызылмия (солодка) тамырын, 2 шай қасық жолжелкен (подорожник) тамырын, 3 шай қасық өгейшөп (мать-и-мачеха) жапырағын ыдысқа салыңыз. Оның үстіне 500 мл қайнаған су құйып, ыдысымен ыстық суға салыңыз. Емдік тұнбаны 2 ас қасықтан күніне 4 рет ішесіз.


ҚАРАҚАТ

Мүкжидек (клюква) пен қарақат (смородина) жапырағын бірдей көлемде алып, ұнтақтайсыз. Оның 3 ас қасығын шыны ыдысқа саласыз. Үстіне 500 мл қайнаған су құйып, тұндырып қойыңыз. Шамамен бірнеше сағаттан соң тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан ішесіз. Емді күніне 3 рет қабылдайсыз.


АРА ЖЕЛІМІ

40 гр. ара желімі мен 20 гр. ара балауызын араластырыңыз. оны ыдысымен ыстық суға салып, бұлау жасайсыз. 20 минуттан соң ыдысты алып, жылы орап қоясыз. Сосын 5 минуттай ыстық ауасымен тыныс аласыз. Емді 30 күн жүргізіңіз.


Бұл емдік тұнбаны қабылдаумен қатар, тыныс алуды жақсартатын жаттығулар жасаңыз. Таза ауада көбірек серуендеп, ұйқыны жақсарту керек. Жүйкені қатты шаршатпағаныңыз жөн. Жатын бөлмеңізге қылқан, жалбыз немесе лаванда гүлдерін қойсаңыз, ұйқыңыз тыныш әрі жайлы болады. Одан бөлек, тамақтану мәзіріне де өте мұқият болғаныңыз дұрыс. Құрамы дәрумендер мен минералды заттарға бай тағамдарды, көкөністер мен жемістерді жиі жеңіз. Жаман әдеттерден арылыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.


Материал түрлі дереккөздерінен алынды.


Дайындаған - Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ



Тағы оқыңыз:


БҮЙРЕК ауруынан САҚТАНУДЫҢ 8 әдісі


ДОНОР болудың ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ қандай?


ИНФЕКЦИЯ мен ВИРУСТЫ өлтіру үшін ҚАЙНАҒАН СУ ішіңіз