Тамағыңыз қырылдап, жұтқыншағыңыз ауырсынып, жөтеле бастасаңыз, осы емді жасаңыз. Ертеңіне-ақ жөтелден құтыласыз
фото: ok.ru
Жөтел – бүгінгі күннің маңызды тақырыбына айналды. Тұмауды емдесеңіз де, жөтел жазылмай жатады. Бұл жағдай бірнеше адамның басында бар екені анық. Жөтелді емдеу үшін арнайы дәрі ішіп, тамағыңызды булап, шайсаңыз да нәтиже бермей жатса, мына емді жасап көріңіз.
- Өгейшөпті (мать-и-мачеха) әбден ұнтақтаңыз. Оның 2 ас қасығын банкіге салыңыз. Үстіне 1 литр қайнаған су құйып, тұндырып қоясыз. Таңертең дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жылытып ішесіз. Емді күніне 3-4 рет қабылдау керек.
Өгейшөптің тұмауды, жөтелді емдейтін қасиеті бар.
- Түймедақ (ромашка) гүлін ұсақтайсыз. Оның 1 ас қасығын 0,5 литр қайнаған суға салып, бетін жауып қойыңыз. 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.
Түймедақ – суыққа қарсы таптырмайтын дәрі екенін ұмытпаңыз.
фото: vselekari.com
- 1 ас қасық жөке (липа) гүлін 0,5 литр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Әбден салқындаған кезде сүзіп алып, шыны ыдысқа құясыз. Ішетін кезде міндетті түрде жылытыңыз. Тұнбаны теңдей етіп 3-ке немесе 4-ке бөліп ішу керек.
Жөке гүлі – қақырықты оңай шығарып, жөтелді жазады.
- 1 ас қасық балды 100 гр. спиртке салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 2-3 күннен соң дайын болған емдік қоспаны 1 ас қасықтан қабылдайсыз. Артынан 1 стақан қайнаған жылы су немесе сүт ішіңіз.
- Қара тұрыпты бас жағын кесіп алып, ішін тазалайсыз. Іші әбден тазарған соң жуып кептіріңіз. Сосын толтырып бал құясыз. Бетін жауып, тұндырып қоясыз. Бал шырынға айналған кезде 1 ас қасықтан ем ретінде ішіңіз.
- 1 шай қасық кептірілген қарағай бүршігін 1 стақан қайнаған сүтке араластырып ішіңіз. Емді таңертең және кешке жүргізсеңіз, жөтелден біржолата құтыласыз.
- 1 ас қасық кептірілген жолжелкен жапырағын ыдысқа саласыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Ыдысты жылы орап, тұндырып қойыңыз. Тура 2 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алңыз. Ем үшін 1 ас қасықтан күніне 4 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 20 минут алдын қабылдау керек.
- 4-5 дана ірі картопты тұзды суға салып, қайнатыңыз. Көкөніс піскен соң арқаңызға немесе көкірегіңізге қабаттап қағаз төсеп жатасыз. Үстіне піскен картопты қойып, сыртынан жылы ораңыз. Бұл ем сізді терлетеді, қақырықты жібітіп түсіреді, ертеңіне-ақ жөтелден құтылғаныңызды байқайсыз.
Картоп қайнаған суды ыңғайлы ыдысқа құйып, буымен демаласыз. Буды аузыңызбен жұтып, мұрныңызбен шығарыңыз. Бұл ингаляция бойыңыздағы, тыныс жолдарыңыздағы, өкпеңіздегі суықты қуып шығарады.
фото: upbaby.ru
- Жұпаргүл (душица) мен сәлбен (шалфей) жапырағын бірдей көлемде алып, араластырыңыз. Емдік шөптің 1 ас қасығын 1 стақан ыстық сүтке араластырып ішесіз. Шөп шай жөтелді емдейді.
- Жөтелден тезірек құтылғыңыз келсе, бақбақ тұнбасын ем ретінде қолдануға болады. Ал оны дайындау үшін 400 дана бақбақ гүлін тазалап жуып, ыдысқа саласыз. Үстіне су құйып, бір тәулікке қалдырыңыз. Таңертең суды сырғытып төгіп, басқа су құясыз. Оған 2 шай қасық лимон қышқылын қосып, отқа қоясыз. 15-20 минут қайнаған соң сүзіп алып, сығыңыз. Қайнатпаға 1 келі қант қосып, тағы да отқа қоясыз. Қайнатпаның түсі балға ұқсағанға дейін, шамамен 1 сағаттай баяу отта қайнатасыз. Дайын болған тосапты шыны банкіге құйып, салқын жерге қою керек.
Бақбақ гүлі – жөтелдің «жауы» екенін ескеріңіз. Тамағыңыз қырылдап, жұтынсаңыз ауыра бастаса дереу бақбақ тосабы қосылған шай ішіңіз. Сонда жөтел тез арада жазылады.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: muzkult.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ОТШАШУДАН зардап шеккен жағдайда мына КӨМЕКТІ көрсетіңіз
ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады