"Әдемі жұп": Актер Ерік Хамидуллаев сүйіктісіне ұсыныс білдірді

0
1 911

Еліміздегі көптеген телехикая мен киноларға түскен актер Ерік Хамидуллаев қалыңдығына үйленуге ұсыныс білдірді.


Бұл туралы актер өзінің әлеуметтік парақшасында жазды. Танымал актердің таңдауы өзінің өнердегі әріптесі, "Көзайым" телехикаясы арқылы көпшілікке танымал Ақниет Беласарова түскен.



Желідегі бөліскен суретінің астына актер "Мен және Сен енді БІЗ-ге айналдық" деп жазған. Оқырмандары бұл жаңалықпен актерді құттықтап, бақыт тіледі. "Бақытты болыңдар!", "Жарасып тұрсыңдар!" деп жазды олар.