«50-дегі апайдың тұсауын кестім» : Қарақат Әбілдина ерекше жағдайды өткергенін айтты

0
3 601

«Басында әзіл шығар деп ойласам, шын айтып тұр екен».


«50-дегі апайдың тұсауын кестім» : Қарақат Әбілдина ерекше жағдайды өткергенін айтты

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Қарақат Әбілдина өзінің инстаграм парақшасында түрлі тақырыптарда қызықты жазбалар жариялап тұрады. Әсіресе, өмір жайлы, басынан өткерген қызықтары мен қиындықтары хақындағы жазбалары желідегілерге ой салып, қозғау салып жатады. Әнші соңғы постында жасы 50-дегі апайының тұсауын кескенін айтып, оқырмандарды елеңдетіп қойды.


«Кешегі күн қызығы көп сәттермен есімде қалады. Ерекше болған жағдай баланың тұсауын кесіп болғаным сол еді, жасы 50-дің шамасындағы салиқалы апайымыз келіп «менің де тұсауымды кесіп берсеңіз», - деп өтінді. Басында әзіл шығар деп ойласам, шын айтып тұр екен. Сөйтіп көпшіліктің алдында алғаш рет үлкен кісінің де тұсауын кестім. Екі келіні бар екен «қыз немере сыйласыншы, сіздің жолыңызды берсін» - деп,ырымдаған түрі.


Ырым демекші кеше достарыммен жиналып тағы бір қызық жағдайды еске алдық. Бір отырыста бала көтергісі келіп жүрген қыздарға кілең егіздетіп босанған көп балалы аналар тұрып «бұттан өту» ырымын жасаған болатынбыз.
Ең қызығы бұттан өткен қыздардың барлығы қырықтан асқанда бөпелі болған екен. Арасында өтпеген қыздар да болған «біз өтпеп едік болмады»- деп,осы әңгімені өздері айтып отыр кеше. Сәйкестік пе? Ниеттен бе? Қызық иә?
«Өмірде талай қызық бар» деген осы шығар.
Ал сіздер ырымға қалай қарайсыздар?»
- деп жазды өнер иесі.


Ал оқырмандар «Ырым-тыйым, салт-дәстүрге сүйеніп өмір сүру жеңіл. Өз қазақи болмысымызды жоғалтпаймыз. Ата-бабамыз ар-ұятқа сүйеніп өмір сүріп келген. Қазір ғой психологтар «жеке шекараңды сызып таста, ренжісең өртеп таста», «ұят деген қазақтың жауы» деп мотивациясын инфант әйелдерге құя береді», «Сіздің есіміңізді бір тал қызыма қойғанмын, жолыңызды берсін деп, шүкір, алғыр қыз болып өсіп келеді» деген сияқты пікірлерімен қолдау көрсетті.