«Әйел бақытына жетпедім»: Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты

0
895

«Екінші жартымды жоғалтып алдым»


«Әйел бақытына жетпедім»: Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты бар шындықты айтты

Отандық танымал тележүргізуші Динара Сәтжан өз жеке өміріне қатысты жан сырын ақтарды. БАҚ өкілі бүгінде әйел бақытына жетпегенін айтып, өкінішін білдірді. Динара Сәтжан жеке өміріне қатысты бар шындықты Дана Орманбаеваға берген сұхбатында айтты. Тележүргізуші өмірлік бақытын әзірге таппағанын жеткізді.


«Әйел бақытына жетпедім. Бұл аспектіге келгенде, бос орын тұр. Күн тәртібіме қарасам, жай ғана кездесуге бару үшін 1 сағат артық уақытым жоқ екен. Яғни, ол менде басты назарда тұрған жоқ. Бір көргеннен адамға баға беріп, маған сай келетінін, келмейтінін анықтайтын жандардың қатарындамын. Мен әлі екінші жартымды кездестірмедім немесе кездестірсем де, жоғалтып алдым деп ойлаймын. Қазіргі уақытта өзім ұмтылған дүниенің бәрі менде бар. Болашаққа үлкен жоспарым бар. Мансапта, бизнесте не қалайтынымды, балаларым үшін қандай болашақ тілейтінімді нақты білемін. Бірақ әйел бақытын жоспарлай алмайды екенмін, ол менің құзыретімде емес. Өз адамыңды кездестіру сондай керемет дүние екенін түсінемін. Жаныңда сүйеу болатындай адамыңның болғаны сондай күшті», - деп ағынан жарылды ол.