Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесі Сәбит Әбдіхалықов туралы фильм түсірді

0
3 752

Ол әкесімен қатынасын қалай түзегені туралы бар шындықты айтты.


Айгүл Иманбаеваның ұлы әкесі Сәбит Әбдіхалықов туралы фильм түсірді

Танымал әнші-актриса Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықовтың Асылжан есімді ұлдары барын халық жақсы біледі.

Ұлы да өнерлі ата-анасының жолын қуып, шетелде режиссер мамандығы бойынша білім алған еді. Соңғы ақпарттарға сүйенсек, оның әкесімен қарым-қатынасы өте жақсы. Соның дәлелінің бірі - Асылжанның өз әкесі туралы түсірген фильм.

Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына "Ел арасында Әкесіз өскен балалар мен ата-ана арасындағы стереотиптік байланыстарды жойды!
Қымбатты көрермен, жас режиссер Асылжан Сәбитұлының “Әке Жолы” фильмін ALEF production YouTube арнасынан тамашалай аласыздар. Халық қызыққан беймәлім оқиғалар легі айқындалды! Шындық, көңіл, сезім, сенім мәселелері экрандалды! Тамашалап, өз пікіріңізді қалдыра кетіңіз!
" деп жазды.


Ол туралы білген желі оқырмандары фильмді тамашалап, өз пікірлерін жазуда. Онда "Құрметті Асылжан Сәбитұлы! Деректі фильмді басынан аяғына дейін бір жылап, бір сүйсініп көріп шықтым. Үлкен әсер алдым. Осындай бір дүние шығармақшы едім деген бір сұхбатыңды көргемін. Аз уақыт ішінде жарыққа шығардың. Еңбектендің, іздендің, жүрекке жеткізсем деген мақсатың орындалды. Тәрбиелік мәні зор болды. Балалар жыламасын! Арқа сүйер әкелер аман болсын! Тіл көзден аман болып, шарықтай бер! Жарайсың!", "Көріп шықтым Асылжан! Керемет! Сізді осылай тәрбиелеген әжеңіз бен анаңызға мың алғыс. Алды қарындастырыңызбен бірге әкелеріңізді орталарыңызға алып осындай бір фильм шығарасыз деген сенімдемін! Керемет!!! Ең биіктерден көрінуіңізге тілекшімін!" деген ізгі тілектерін жазған. Десе де арасынан Сәбит Әбдіхалықовтыі жеке басына өтіп, "ол туралы кино шығарудың қажеті жоқ еді" дегендер де болыпты.