Әнші алғашқы әйеліне қатты ғашық болғанын мойындады.
Соңғы жылдары әнші Айқынның өмірі жұрт аузынан түспей жүргені белгілі. Оған әншінің екінші рет үйленгені себеп. Айқынды жақсы көретін көп халықтың көңілі сол жағдайдан кейін біршама өзгерді де. Бүгін әнші өзі мен отбасына қатысты сұрақтарға Астана арнасындағы "Мақпал мекен" бағдарламасында жауап беріп, нүкте қойғандай болды.
Бағдарлама барысында бірінші әйелін барынша мақтаған әнші жіурналистің "Әселдің басқа азаматқа тұрмысқа шыққанына қалай қарайсың?" деген сұрағына "Жоқ" деп жауап беріп, көзіне жас алғандай болды.
Алғашқы махаббаты екенін айтқан Айқын «Жоқ, оны уақытында Құдай көрсетер. Бірақ қазіргі жауабым жоқ. Әзірге жібермеймін», – деп ары қарай сөзін жалғастырудан бас тартты.
Десе де бағдарламаны көрген қалың көрерменнің пікірі өзгере қоймағанын пікірлерден айқын байқауға болады. Олар "Екі әйел алу оңай емес", "Әсел қарамады, Жұлдыз жағдайымды жасамады деп отырсың ба?", "Әйеліме қиянат жасадым десейші..." деген сынды теріс пікірлерді жаңбырша жаудыруда.
Бағдарламаның толық нұсқасы:
Фото ашық дереккөзден.