Белгілі әнші Айгүл Иманбаева кімге қарыз?
Қазір әлеуметтік желінің "сырыңды жұртқа жаяр өсекшігі" айналғаны өтірік емес. Әсіресе шоу-бизнес өкілдерінің өнері де, өмірі де халықтың көз алдында. Олардың көңіл-күйлеріне дейін біліп отыратын болдық.
Жақында әлеуметтік желідегі парақшасына өзінің суретін жариялаған әнші Айгүл Иманбаеваға бір желі қолданушысы "Айгүл айналайын, ақшаны қашан қайтарасың?" деп пікір қалдырыпты.
Мұны оқыған желі оқырмандарының қызығушылығы артып, шынымен қарыз алды ма деген сұраққа жауап табуға тырысқан. Кейбірі әншілерде ақша көп, қарыз алуы мүмкін емес деседі.
Ал Айгүл Иманбаеваның өзі ешқандай жауап қайтармаған.