"Айналайын, сен — қазақсың!": Аға буын Крутойдың әндерін айтып жүрген Димашты сынап тастады

0
1 974

Арман Дүйсенов: Димаш бір ғасырда бір-ақ рет келетін талант иесі, ол не орындаса да, жарасады.


ERNUR.KZ. Соңғы кездері Димаш Құдайбергенге мақтау мен мадақтарға қоса көптеген сын да айтылып жүр. Әсіресе, ақын-жазушылар Димашты біраз сөгіп алды, деп жазады stan.kz.

Бұл туралы ақын-жазушылар Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтқан.

«Димашқа жолығып, сөйлескім келеді. «Сенің дауысыңа сәйкес қазақтың қандай әндерін таңдап алу керек. Сол әндерді әлемге таныта білуің керек. Орыстың, Крутойдың әнін айтқан жақсы. Солар арқылы әлемге танылған жақсы. Ал бірақ танылып алғаннан кейін сен енді өзіңнің еліңнің әнін таныт енді» дегендей», - деп бөлісті ойын Дулат Исабеков.

Тек Исабеков емес, замандасы Сапарбай да Құдайбергенге біраз өзгерістер керек екенін білдірді.

«Бір мүмкіндік туып, Димашпен бір жолықсам, басқа бір реті келсе, «Айналайын, сен - қазақсың. Қазақшаны керемет білесің. Сенің танымың, болмысың қазақ. Сен осы қазақтың халық әндерінен бір блок жасашы» деп айтар едім», - дейді Исрайыл Сапарбай.

Ал шоу-бизнес өкілдері керісінше Димашты қолдап шықты. Құдайбергенді қазаққа Құдай бере салған талант, дейді көбісі.

«Айналайын-ау, Димашқа ешқандай тіл тигізбеймін. Ол бір ғасырда бір-ақ рет келетін талант иесі ғой. Оны бүкіл әлем мойындап жатыр. Ондай диапазоны бар әншілер жоқ әлемде. Ол біздің мақтанышымыз. Қалай деп айтсам болады. Мен оған, тіпті, тіл тигізе алмаймын. Ол не орындаса да, жарасады», - дейді композитор Арман Дүйсенов.