Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловпен ажырасқанға дейін осындай салт-жоралғыларға жиі шақырылатын еді.
ERNUR.KZ. Шоу-бизнес жұлдыздарының тойға шығып табыс табатыны барлығына аян. Жазира Байырбекова, Қарақат Әбілдина, Сиви Мамуди секілді басқа да әншілер қыздарды ұзатуға шақырту алып тұрады, деп жазады 365info.kz.
Ақбота Сейтмағамбет Дәурен Айдарқұловпен ажырасқанға дейін осындай салт-жоралғыларға жиі шақырылатын еді. Ата-аналары қыздары барған жерінде бақытты болып, сіңісіп кетуі болуы үшін ырымдап, сыйлы, ажыраспаған әншілерді шақыруға тырысады. Ақбота ажырасқаннан кейін бұндай ұсныстардан мүлдем бас тартқан.
«Мен қазір қыздарды ұзатпаймын. Әлі де ұсыныстар түсіп жатыр. Көбінесе оңтүстіктен хабарласып, шақырады. Қазір өзіме мұндай жауапкершілік алғым келмейді. Қыздарды Жазира Байырбекова, Қарақат Әбілдина шығарып салса жарасады», — дейді Ақбота.
Айта кетейік, Ақбота Сейтмағамбет өзінің жанкүйерлеріне Дәурен Айдарқұловпен ажырасатынын хабарлаған болатын. Соңғы шешімді қабылдауға жолдасының шектен тс қызғаншақтығы себеп болған. Актер жарына бейнебаяндар мен фильмдерге түсуге тыйым салған. Жетістікке жетіп, бақытты болу үшін әртіс ажырасуға шешім қабылдаған.