«Әкеліп берсе де алмаймын»: Қыдырәлі Болманов марапаттың кеш жеткеніне қынжылды

0
6 606

«Медаль емес, әділдік қымбат!»


«Әкеліп берсе де алмаймын»: Қыдырәлі Болманов марапаттың кеш жеткеніне қынжылды

25 қазан – Республика күніне орай бірқатар өнер адамдары арнайы марапаттарға ие болды. Олардың ішінде «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» атағын атағын алған белгілі продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов та бар. Сүйінші жаңалықты әншінің жары Қарақат Әбілдина қуана жеткізді. Қарақат ханым жақсы жаңалықты жеткізіп қана қойған жоқ, іштегі өкпе-назын да жайып салды.


Ол күйеуінің қазақ өнеріне осы уақытқа дейін сіңірген өлшеусіз еңбегін саралай келе: «Жалпы еңбектің дер кезінде, уақытында еленгені дұрыс қой. Қыдекең атақ қуған жоқ. Қумаған адамға атақ кеш келсе де, шын қуанып отырған жайымыз бар. Еңбегі сіңген деген атақты біздің мемлекет әбден еңбегі сіңген соң береміз деп шешкен ау. Жөн шығар. Ең басты атақ-ақ тілеулі халықтың ақжарма алғысы деп білемін», - деді.



Ал продюсер Қыдырәлі Болмановтың өзі желіде алған марапаты жайлы әсерлі жазба жариялады. Өнер иесінің айтуынша, атақты сұрап алмапты. Кезінде «бір үйден бір-ақ адамға беріледі» деген соң Қарақатты ұсынған екен. Ол өнерде жеткен жетістіктерін тілге тиек ете келе, «4 жыл бұрын Астана қаласының әкімі хабарласып, көп жылдан бері марапат алмапсыз, еңбегіңіз сіңген азаматсыз, сізді ұсынайық,-деді. Мен де біреуге керек екенмін, әкімдік бағалап, іздеген ниеттеріне риза болдым. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына берілетін болар деп ойладым. 30 жылдыққа да берілмеді… Жоғары жақта “жауым жоқ”. Өзі көрінбейтін, мені “жақсы” “көре алмайтын” біреу бар ма? Кезінде Б.Момышұлы да алмаған ғой… Енді әкеліп берсе алмаймын, жастарға берсін. Астана әкімдігінен «Құттықтаймыз, сізге де берілді ,”вручениеге” келіңіз!» дегенде, алмай-ақ қояйыншы, -дей алмадым. Өйткені, 3 жыл бойы мені қайта-қайта ұсынған іздеушілеріме, азаматтарға, «Керек емес»деп айтуға тіл бармайды екен...Медаль емес, ақ ниеттер, әділдік қымбат!» деп жазды.


Қыдырәлі Болмановтың кеш жеткен марапатына өнердегі әріптестері де, жанкүйерлері де шын жүректен қуанып жатыр.


«Бәрекелді! Құтты болсын, Қыдыр аға, Қарақат! Абыройларыңыз арта берсін», «Алла екі дүниеде абыройлы қылсын ағамызды», «Құттықтаймыз!», «Әбден лайықты марапат!!! Еңбегі еселене берсін!!!», «Қыдекеңе ол атақты халық давнооооо беріп қойған, өкімет кеш болса да беріпті, мейлі ештен кеш жақсы, құтты болсын, Қыдекең барлық жоғары атаққа лайықты, құтты болсын, еңбегіңіз елене берсін» деп жазып жатыр.