​«Ақшаң жоқ болса кино түсірмей-ақ қойшы»: композитор Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді

0
2 442

«Әндерімді ешкімге беруге міндетті емеспін»


​«Ақшаң жоқ болса кино түсірмей-ақ қойшы»: композитор Қазыбек Құрайыш Дариға Бадықоваға жауап берді

Күні кеше актриса Дариға Бадықова журналист Асхат Садырбайға сұхбат беріп, жас композиторларға өкпелі екенін айтқан болатын.


«Таптым-ау сені» киномызға саундтрек болатын ән іздегенде сыған қатын болдым мен. Композиторлардың біразынан ән сұрадым. Қазыбек Құрайыш дегенге шығып, «Таптым-ау сені» әнінің әуенін 28 секундтық эпизодқа қоюға сұрадым. Телефонын алмай, өтінішімізге жауап бермей біраз күттірді. Ақырында көмекшісі арқылы «бере алмаймын» деп айтыпты» деген еді Дариға Бадықова.


Осыған байланысты әнші-композитор Қазыбек Құрайыш өзінің «Инстаграм» парақшасында ешкімге ән беруге міндетті емес екенін жазды.


«Жазбай-ақ қояйын деп едім, қоймадыңыздар. Алғашында бұл кісілерге ренжігенім рас. Маған егер дұрыс подходпен келсе, мен ешкімнен ешқашан әндерімді қызғанған емеспін. Оны кино саласында жүргендердің бәрі білетін шығар. Барлық фильмдерге ТЕГІН кетеді әндерім. Жобамен онға жуық фильмде әндерімнен үзінді бар, біреуінен де ақша сұраған емеспін – бұл бір.


Екіншісі – мен бұл кісілерге продюсер-спонсор болған үлкен апайымызға «Мейлі, әнді ала беріңіздер, қарсы емеспін. Ақшаның да керегі жоқ» деп айтқанмын негізі. Енді неге қоспағанын және бағдарламаға келіп, неге осылай айтып отырғанын түсінбедім. Ал, жалпы, мен әндерімді ешкімге де беруге міндетті емеспін.


Сосын тағы бір айтарым бар, «Мен өз ақшама кино түсіріп жатыр едім. Қаражатымыз жоқ, көмек беріңізші» дейтін болсаңыздар, кино түсірмей-ақ қойыңыздаршы. Мен музыканттарыма барып, «концерттерімді өзім жасап жатыр едім, маған тегін ойнап беріңдерші немесе жарықты тегін қойып, видеоны тегін түсіріп беріңдерші» деп айтқан емеспін. Ол дұрыс емес.


Кейбір «доспыз-ау» деген кино түсіріп жүрген азаматтарға мен ұйықтамай отырып, арнайы авторлық әндер жазып беріп те жүрмін. «Рақметіміз бар» деп, жоқ болып кеткендердің атын айтпай-ақ қояйын. Не десеңдер де арым таза. Аман болыңыздар!» деді Қазыбек Құрайыш.