«Құдай біздің отбасымызға береке әкелді»
Танымал спортшы, ауыр атлет Илья Ильин «гендер-пати» өткізіп, сәбилі болатынын жеткізді.
«Достар, сіздермен отбасымыздың ең үлкен қуанышымен бөлісетін кез келді! Жақында біз жай ғана ерлі-зайыпты ғана болмаймыз. Құдай отбасымызға береке әкелді. Біз ата-ана боламыз! УДЗ-да ұл деп көрсеткендіктен, екі апта бойы ұлды болатынымызға сенімді болдық. Баламызды қай спортқа береміз деп дауластық, ат ойлап таптық, бірақ Құдайдың өз жоспары бар екен. ДНК тесті қыз болады деп көрсетті! Біз қатты таңғалдық, бірақ қуандық! Біз сені күтеміз біздің тәтті балапанымыз» деп жазды спортшы.
Желі қолданушылары спортшыны қуанышымен құттықтап жазба қалдырды. «Жаңалықтарың оң болсын, аман-сау дүниеге әкелу бұйырсын», «Илья,Таня! Қандай бақыт! Қуаныштымын», «Құттықтаймыз! Ұл болсын, қыз болсын, ең бастысы, дені сау болсын!» деп тілек қосты оқырмандары.
Еске сала кетейік, Илья Ильин Татьянамен биыл шаңырақ көтерді. Ол бұған дейін гандболшы Наталья Кулаковаға үйленген болатын. Кейін олар ажырасып кетті, ортақ қыздары бар.