«Алдыңыздан өтпегенім, жастығым шығар» : Мақпал Жүнісованы сомдаған актриса әншіден кешірім сұрады

0
1 303

«Актрисалық карьерамдағы ең үлкен белестердің бірі деп қабылдап едім»


«Алдыңыздан өтпегенім, жастығым шығар» : Мақпал Жүнісованы сомдаған актриса әншіден кешірім сұрады

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісованы сомдаймын деп басы дауға қалған актриса Малика Қалдарбек әншіден әлеуметтік желі арқылы кешірім сұрады.


«Мақпал апай – қазақтың ерке қызы. Қазақ тарихында орнын ойып алып тұрған тұлға. Ол кісінің ренжігенін естіп көңілім босап тұр. Мен білмедім, керісінше қазақтың біртуар қызының рөлін берді деп қуанып, актрисалық карьерамдағы ең үлкен белестердің бірі деп қабылдап едім. Сіздің білмегеніңізден хабарым жоқ еді. Айтқандарыңызға келісемін, айыпқа бұйырмаңыз. Бірақ сіздің образды қолымнан келгенше ұятқа қалдырмай сомдап шықтым, шығуға тырыстым. Сізге деген құрметім шексіз! Жастығым шығар, бір ауыз алдыңыздан өтпегенім», - деді актриса.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мақпал Жүнісова «Ирина Қайратқызы» тобының «Отыздан асып барамын» фильміндегі өзінің образына шүйліккен болатын.




Осылай деп жазған актрисаның жазбасының астына Мақпал ханым: «Ұятсыздар, менен рұқсат сұрамай, алдымнан өтпей, менің даусымды пайдаланып не болды сонша, мен өлген жоқпын әлі, тірімін, атың шықпаса жер өрте деген осы шығар» деп пікір қалдырған еді.