"Әлем әйелдері Димаш аңқитын болады": Француздар Димаш Құдайбергеннің иіссуларын шығарды

0
1 901

Француз парфюмерлері "DQ Scent of Music" ғажайып әтірлер желісін жасап шығарды.


Әлемнің ең мықты парфюмерлері Димаш Құдайбергеннің дауысын сипаттай алатын керемет иіссулар жасап шығарды. Олар қазақ әншісінің даусын иіспен баламалап, музыка "жұпарын" иіссуға айналдырды. Бұл жайлы Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтің желідегі парақшасында бөлісті.

"DQ Scent of Music" деп аталатын әтірлер желісі 2 қазаннан бастап сатылымға шығарылады.

"Бұл дүниенің ғажабын тек музыкамен емес керемет жұпармен де сезінуді армандадым!

Менің қиялыма қанат байлап, ойымның жүзеге асуына көмектескен франциялық керемет парфюмерлер "DQ Scent of Music" ғажайып әтірлер желісін жасап шығарды!

Біз 2 қазан күні баршаңызға шығармашылық ізденісіміздің жемісін ыстық ықыласпен ұсынамыз және сіздердің пікірлеріңізді, әділ бағалауларыңызды асыға күтетін боламыз!",
- деп жазды әнші.

Димаштың оқырмандары бұл жаңалықты жақсы қабылдап, жағымды пікірлерін білдірді. "Даусың қандай керемет болса, иіссу да сондай болар деп ойлаймын. Енді тек сенің даусыңнан ғана ләззат алмай, иісіңді де сезінетін боламыз", "Димаш, менің әр таңым сенің шәйіңді сораптап, даусыңды тыңдап, қолтаңбаң қойылған портреттіңе қарап ататын. Енді сенің ғажап иісің де жұпар таратып тұрады. Қандай ғажап!", "Енді әлемнің барлық әйелдері Димаш жұпарымен аңқитын болады", "Енді біз сенен спорттық киімдер желісін де күтіп қаламыз", - деді оқырмандар.