«Қай жерге барсақ та, Қылыш-Айсара дейді»
«Келінжан» телесериалы арқылы танылған актерлер Рүстем Жаныаманов (Қылыш) пен Дариға Бадықова (Айсара) енді бірге ән салып, тойларға шыға бастапты. Бұл туралы актриса Дариға Бадықова инстаграм парақшасында айтты. «Қай жерге барсақ та, Қылыш Айсара дейді» деп ағынан жарылды өнер иесі.
Көпшіліктің сүйікті көзайымына айналған қос өнер иесінің бұл қадамын желідегілер жылы қабылдады.
«Жаным Қылышқа ғашықпын ғой мен, Айтуға ұялам, Айсара ұрысып жүрсе тағы», «Қарақат сияқты халық қошеметіне арқасы қозып, Қыдекеңнен алдыға шығып кететін еді..тура солай болды ғой... Жарайсыздар!!! Жұлдыздарыңыз жана берсін!!! Тағы да бір қырынан танылып жатырсыздар!!! Әртіс болған соң осындай жан-жақты болу керек» деп жазып жатыр желідегілер.