Дүниеге бала әкелу би билеуге кедергі емес.
Елімізге танымал әнші Айбек Жансейтовтың (Бүркіт) жары Виктория Жансейтова (Аиша) өзінің Instagram парақшасында студияда билеп жатқан сәтінен түсірілген видео жариялады.
Видеода әншінің жары латынамерикалық би ырғағында билеген. Мың бұрала билеген Аиша дүниеге 3 баланы әкеліп үлгерсе де дене иілімділігі сол қалпында екенін көрсеткен.
Видеоны тамашалаған оқырмандарының басым бөлігі, Аишаның 3 баланың анасы болса да әлі де әуен ырғағына ілесе мың бұрала иіліп билегеніне таңданыс білдіріп, риза болған.
Алайда кейбір желі қолданушылары тұрмысқа шыққан, оның үстіне балалары бар жанның бұлай тым ашық билеуі ерсі екенін айтып, сынға алған.
Айта кетейік, Аиша Бүркітке тұрмысқа шыққанға дейін бимен айналысқан. Танымал әншіні Аишаның сырт келбеті ғана емес, әсерлі биі де тәнті еткен.