«Олар да мұсылман ғой»
“Біздің қазақтың жігіттері шашы ұзын қыздарды жақсы көреді. Біздің халықтың менталитеті сондай. Менің шашым қысқа. Шалбар киіп жүремін. Бірақ шашы ұзын, әдемі құрбыларым бар. Қызыл диплом алған. Бірақ тұрмыс құрмаған. Неге сол қыздарды жігіттер әйел етіп алмайды? Осындайдан соң бәрі шетелдіктерге тиеді. Мәселе ақшада емес. Қазақтың небір жігіттерін де көргенбіз. 10 миллиондап қалың мал беріп жатқан қазақтар да бар”, – деді әнші “Көреміз” бағдарламасында.
Гүлмираның айтуынша, шетел азаматтарының жар таңдағанда талғамы әртүрлі. Оларда қағида жоқ.
“Шетелде шашыңа ешкім қарамайды. Ұзын-қысқа демейді. Бір балаң болса да, жақсы көрсе, ешнәрсеге қарамайды. Ол жақта мәдениет бар. Егер маған араб жігіті сөз салса, мен де қарсы болмас едім. Егер үйленгісі келсе, қазақ жігіттері қайда жүр? Мен неге басым бос болып жүрмін. Араб жігіті мені бақытты қылам десе, неге одан бас тартамын. Олар мұсылмандар. Сондықтан келісім беретін едім. Ал мұсылман емес ұлтқа қарсы болар едім” ,- деді жас әнші.
Ал желідегілер «Бақытыңды табарсың, сенің де бір жартың бір жерде жүрген шығар сені күтіп», «Сен ер мінездісің ғой, содан қаймығатын шығар», «Қу ақша не істетпейді. Махаббат қайда?!», «Қазақ жігіттерінде намыс бар. Қыз жақсы болса, алады» деп жазды.