Қымбат Әбілдина Байзақованы тәрбиелеуге тырысты.
фото: ашық дереккөзден
Қоғам қайраткері Қымбат Әбілдина Айжан Байзақовамен бетпе-бет сөйлесіп, жан сырымен бөлісуге тырысты. Атышулы хайпер қыздың ата-анасына жасап жүрген іс-әрекеті өзіне қайта айналып келетіндігін ескертіп, оның өзгеретініне сенді.
Қазақы тәрбиені насихаттап, жас буынның санал ұрпақ болып қалыптасуына үлес қосып жүрген "Айгөлек" журналының редакторы Айжан Байзақованың да дұрысталуына көмектесетінін жеткізді. Бұл туралы You Tube арнасындағы New Old Qazaqtar бағдарламасында айтты.
Қымбат Әбілдәқызы Айжанға бірнеше психологиялық сұрақтар қоя отырып, оның өміріндегі бір қателікке бола осы әрекеттерге барғанын біліп қойды.
"Айжан, мынау мүлдем масқара. Әке деген қалай ол басын көтеріп жүреді. Әкенің көңілін сыйламасақ қалай басын көтеріп жүреді. Сені мен түсінемін. Сен жассың. Өзің айтқандай жалғыз сен емес. Рас, жүр. Құрысыншы, жүр ғой әйтеуір. Біреу жүр екен деп, екінші Айжан жүруі керек па? Сенің папаң бар. Мүмкін ол көшеде жүргендердің папасы жоқ шығар, мамасы жоқ шығр. Сені бір рет көрдім, мыналарға қимай отырмын. Менің жүрегім ауырып отыр. Сенің папаң қалай жер басып жүр. Кез- келген ата-ана баласы үшін өмір сүреді. Ана болу деген оңай дейсің ба? Сен осындай әдемі болып бір жердан түсе қалдың ба? Жаным - ау. Сен мынаны қоя аласың, иә. Сен қоя аласың. Сенің арғы жағыңда бір жақсылық бар. Тек сенің басыңда бір қиыншылық болған жігітпен. Содан кек алғың келеді", - деп көз жасын сүртті.
Айта кетейік, бағдарлама соңында қазақтың қызы үлкенге құрмет көрсете алатындығын аңғартты. Ата-анасына деген құрметінің жоғарылағанын жеткізген Айжанға жүргізуші мен Қымбат апай жақсылыққа жорыды.