Астананың қақ ортасында жол ережесін бұзған Қайрат Нұртас жазалана ма?

1
6 898

Көпшілік жаңа әнді емес, әншінің ерсі әрекетін сынға алған.


Астананың қақ ортасында жол ережесін бұзған Қайрат Нұртас жазалана ма?

Қайрат Нұртас інісі Аргониямен бірге жаңа әнге дуэт жазған. Тың тректы тыңдармандарына тыныстыру үшін қос әнші желіге видео жүктеген еді. Қайрат Нұртастың әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған бұл видео оқырмандардың сынына қалды.


Көпшілік жаңа әнді емес, әншінің ерсі әрекетін сынға алған.

Елордада көшенің қақ ортасында, көліктен түсіп билеген Қайраттың әрекеті оқырмандардың ашуын туғызды. Олар өнер иесінің жол ережесін бұзғанын жарыса жазды. Ішкі істер бөлімінің ресми парақшасын белгілеп, тез арада шара қолдануын сұрап жатқандар да бар.



"Оны ҚР заңы бойынша жазалау керек. Қайталап бұлай жасамайтын болсын", "Қайреке, бұл жол ережесін бұзушылық қой, әкімшілік жауапқа тартыласың мынадай іс үшін. Жол полициясы көрмей тұрғанда өшіріп таста", "Қауіпсіз екен, абайлау керек", "Айыппұл төлесін, заң бәріне ортақ", "Байқа, жазым аяқастынан", "Тәртіпті, заңды керек қылмайтын, ақшаны жоғары қоятындығы көрініп тұр", "Белбеу жоқ, жол полициясы қайда қарап отыр", - деп жазды оқырмандар.