Олар айналасының астаң-кестеңін шығарған.
Шоу-бизнестің танымал жұлдызды жұбы Бүркіт пен Аишаның белгісіз біреулермен жұлысып, төбелесіп жатқан видеосы желіде қызу талқыланып жатыр.
Видеоны Бүркіт өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған. Бейнежазбадан Бүркіт пен әйелі Аиша екеуінің студияда белгісіз біреулермен жұлысып, төбелескен сәтін көруге болады. Олар студияның ішінің астан-кестеңін шығарған.
Желідегілер видеодағы келеңсіз көрініске қатысты екі түрлі ой білдірді.
Бірі орын алған жайтты бар болғаны түсірілім сәті ретінде қабылдап "Нағыз хайп, өтірік қой" , "Тамаша ойнап шықты рөлдерін" , Клип түсіріп жатқан болар" , "Бұларға не болған" , - деп жазса, енді бірі оны шынайы көріп жұлдыздарға жақтасып, сынап шыққан.
"Дұрыс, бетін жұлу керек. Осындайлар көп кәзір. Саған толық қосыламын!", "Айшаның аямай ұрып жатқанына қарағанда шынайы сияқты", Атың шықпаса жер өрте деген бұлар атақты арттыра түсу үшін не істемей жатыр, ужас. Сахна адамдары, ел алдында жүргендер осылай жасаса...",
Сондай-ақ бұдан алдын Үoutube желісінде Айшаның Бүркітке гүл сыйлаған қыздың шашын жұлған видеосы пайда болған болатын.