Әнші Жанар Айжанованың немересі Назар екіге толды.
Қызы Айжұлдыздың баласы Назарды әнші туған күнімен құттықтады. Немересіне сыйлыққа бір сөмке киіп алып берген. “Болашақ чемпион, туған күніңмен” деп құттықтады.
“АЙЖҰЛДЫЗ БОТАМ , НАЗАРЫҢНЫҢ ТУҒАН КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! ҚОС ҚОЗЫМ АЛЛА ЖОЛДАРЫҢДЫ АШЫҚ ҚЫЛЫП, СЕНДЕРДІҢ ТЕК ҚУАНЫШТАРЫҢДЫ КӨРУДІ НӘСІП ЕТСІН. СЫЛДЫРМАҒЫМ ЖАНЫМ, МЕНІҢ БАҚЫТЫМДЫ ЕСЕЛЕГЕН АҚ ҚОЗЫМ, ҒҰМЫРЛЫ, ҮБІРЛІ-ШҮБІРЛІ, БАЙ-ҚУАТТЫ, ІЛІМДІ-БІЛІМДІ БОЛЫП ӨСКЕЙСІҢ! БҮГІН БІЗДІҢ ОТБАСЫ ҮШІН ЕҢ КЕРЕМЕТ КҮН. ӨЙТКЕНІ БАЛАПАНЫМЫЗ ЕКІГЕ ТОЛЫП ЖАТЫР. ТІЛЕКТЕРІҢІЗДІ БІЛДІРСЕҢІЗДЕР ҚУАНАМЫЗ” деп жазды әнші.
Айта кетейік,Айжұлдыз Адайбекова мен Қыран Талапбек ажырасып кеткен еді.