«Барахолкадағы» костюмді «Адемнен» киіп мәзбіз»: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтып қойды

0
2 116

«Айып өзімізден де бар»


«Барахолкадағы» костюмді «Адемнен» киіп мәзбіз»: Әбдіжаппар Әлқожа шындығын айтып қойды

Ләйлә Сұлтанқызының «The Эфир» бағдарламасында отандық танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа ағынан жарылып сұхбат берді. Сонда әнші өзінің бай екенін жасырмайтынын, өйткені, өмірдің өзі соған әкеп тірегенін, бәрі де халықтың көз алдында болып жатқанын айтты.


– Бәрі сіздерді бай деп ойлайды ғой. Байсың ба?


– Баймын. Қарапайым халық өздерінің де бай екенін ұмытып қалады. Бізді бай деп ойлап қалады. Біздің көрінісіміз сол ғой негізі. Өйткені, әдемі костюм киеміз. Жақсы көлікпен жүреміз, самолетпен ұшамыз. Бәрін алып жатырмыз. Айып өзімізден де бар ғой. Сосын солай деп ойлайды. Не деп ақталасың? Бәрін өзің көрсетіп жатсың ғой. Қарапайым халық отыра алмай жүрген ұшақ. Онда пойыз бен көлік жүрмей-ақ қойсын.

Өзімізді бай адам қылып көрсетеміз. Бізді бренд деп ойлап қалсын деп өзіміз қолдан жасап жүрміз. Анау-мынау Барахолканың костюмін кимей, тура сол костюмді Адемнен сатып алып... – деп өнер иесі шындығын айтып қойды.




Әншінің бұл сөзіне желі қолданушылары қолдау көрсетіп жатыр.


«Әбдіжаппар өте жақсы жігіт, қарапайым, ешқандай тәкәппарлық жоқ», «Осы үнемі шынын айтады», «Біз тек әртістердің өмірін сырттай бақылап, бағалаймыз. Сахнаның сыртындағы өмірін білмейміз. Қаншалықты бай екенін де білмейміз», «Иә, Барахолкадағы киімдерді «Адемге» апарып қымбат кылып сатады, бұл шындығын айтып отыр ғой» деген сияқты пікірлер жазуда.