«Қайрат құлаққа кірмейтін әңгіме айтады»
Әлеуметтік желіде хитмен әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімованы құшақтап тұрып, «Бәрінің іші күйіп өлетін болды ғой!» деген видеосы пайда болды.
Бейнежазбада Жұлдыз одан: – Неге? – деп сұрайды.
– Қыздардың іші күйіп өлетін болды, - деп жауап береді Қайрат.
Осы видеодан кейін желідегілер Қайраттың бұл сөзіне шамданып қалған сыңайлы.
«Қайрат, саған сөйлеу мәдениетін үйрену керек. Әлі де кеш емес!», «Осы Қайрат-ақ құлаққа кірмейтін әңгімелерді айтады да жүреді екен. Қуа ма?!», «Кімге керексің сен? Әйеліңнен басқа ешкімге қызық емессің» деп жазып жатыр.